Қазақстан Республикасының аумағына тауық жұмыртқаларын автомобиль көлігімен әкелуге уақытша тыйым салынды

27.04.2024, 18:41
227
Қазақстан Республикасының аумағына тауық жұмыртқаларын автомобиль көлігімен әкелуге уақытша тыйым салынды iStock

Бұйрық 2024 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқаларын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды: 040721) әкелуге алты ай мерзімге уақытша тыйым салынды.

Айта кету керек, тыйым Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауық жұмыртқаларының транзитін, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтуіне қатысты қолданылмайды.

Тағамдық жұмыртқа импортына уақытша тыйым көктемгі-жазғы кезеңде отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілді.

Айта кету керек, осы кезеңдерде жұмыртқаға сұраныстың төмендеуі байқалады, нарықтың қажеттіліктері өнеркәсіптік өндіріс арқасында және үй шаруашылығы өнімдерінің нарықта белсенді болуымен толығымен жабылады. Бұл фактор құс фабрикаларының қызметіне теріс әсер етеді, жұмыртқа бағасы төмендейді. Бағаның өзіндік құннан төмен түсуі кәсіпорындардың рентабельділігіне теріс әсер етеді.

Сондай-ақ, осы кезеңде жұмыртқаны сақтау мерзімі қысқарады, бұл ретте технологиялық ерекшеліктерге байланысты жұмыртқа өндіру көлемі азаймайды, бұл қоймаларда тауардың артық жиналуына әкеледі.

Осыған байланысты, отандық тауар өндірушілерді қолдау және ішкі нарықты қорғау мақсатында Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда көктемгі-жазғы кезеңге автомобиль көлігімен тауық жұмыртқаларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге уақытша шектеу шараларын белгілеудің орындылығы мақұлданған болатын.

Дариға Бадықова "Таптым-ау сені" киносынан түскен 2 миллиард теңгеге не істегенін айтты «Ешқайсысы төркініне қайтып келмеген»: әнші Айдар Тұрғамбек ұзату тойға не үшін баратынын түсіндірді Жас домбырашылар пойыз жолаушыларын өнерімен тәнті етті Абай облысында 3 адам өрттен құтқарылды Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің саммитіне қатысты Қызылорда қаласында жастар арасында жаппай төбелес болды Ақтөбеде 5-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды Қытай 2025 жылдың соңына дейін 12 елге визасыз режимді ұзартты Астанада полицей балшыққа батып қалған баланы құтқарды "Зейнетақысын алып қойған": Алматыда ер адам анасын аяусыз ұрып-соққан үшін қамалды Оралдағы саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады Атырауда сарбаз әскери бөлімнен қару алып шыққан Астанаға Нидерланд Премьер-министрі келеді Ақмола облысында депутат тұрғындардың көзінше итті көлігімен басып өткен Түркістан облысында жолда оқушылар мінген «Газель» өртеніп кетті Алматыда өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды Қызылорда облысында екі адамды тоқ соғып, мерт болды Мемлекет басшысы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды Ақтөбеде екі бала терезеден құлап кетті "Асқазанның жарасын да, артығын да кесті": Құрманай Бақтиярқызы ауыр дертпен қалай арпалысқанын айтты