«11 миллион теңге айыппұл»: Ақбота Керімбекова жұлынған қызғалдақпен фотоға түсіп, халықтан сөз естіді

Аиса Махамбет Редактор
19.04.2024, 20:49
6713
«11 миллион теңге айыппұл»: Ақбота Керімбекова жұлынған қызғалдақпен фотоға түсіп, халықтан сөз естіді жеке парақшасынан

Танымал әнші Ақбота Керімбекова жұлынған бір шоқ қызғалдақ гүлімен фотоға түсіп, ескерту алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші жеке парақшасына көктемнің символы саналатын сары қызғалдақтармен түскен фотосын жүктеді. 

“Әлем – әдемі, Көктем – әдемі. Мен және барша қазақтың қыздары әдемі. Әдемі қыздар, лайк басамыз, көп екенімізді көрсетейік әлемге”, – деп жазды өнер иесі. 

Желі қолданушылары әншінің фотосының астына түрлі пікір жазып, ескерту айтты. 

“Айыппұл салатындар жетіп келмесін”, “Қолыңдағы сарғалдақ қызыл кітапқа енген бе еді?”, “Қызғалдақты жұлуға болмайды деген заңның барын білмейсің-ау”, “11 миллион теңге айыппұл мойныңа ілінді” – деп жазып жатыр тыңдарман қауым. 

Еске салайық, Түркістан облысындағы Ордабасы ауданында студент қыз “Қызыл кітапқа” енген "Грейг" қызғалдағын жұлып, оның видеосын ТікТок парақшасында жариялағаны үшін жауапқа тартылмақ. 

Бұған дейін, сирек кездесетін өсімдіктерді, соның ішінде "Грейг" қызғалдағын жұлғандар қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-тармағы бойынша жауапқа тартылады. Аталған бап бойынша кінәлі деп танылған адамға 3 мың АЕК (11 млн 76 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салу немесе 3 жылға бас бостандығын айыру/шектеу болмаса 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қарастырылғанын жазған едік. 

«10 жыл күткен баламын»: Фариза Төреәлі туған күнін Парижде тойлады Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2 айға қамалды «Жанды дауыс»: Алматының экс-әкімі Ахметжан Есімов Серікбол Сайлаубектің үйлену тойында ән шырқады Микрофон дауы бай мен кедей шайқасына айналған жоқ па «Ештеңе жасырмаңыздар»: Ләйлә Сұлтанқызының анасы ерлі-зайыптыларға кеңес берді (видео) «Мектеп әкімшілігі істі жасырып әлек»: Жамбыл облысында жоғары сынып оқушысының соққыларынан көз жұмған баланың жақындары әділдік сұрайды «Көздің қарашығындай сақтауға тырысайық»: Төреғали Төреәлі отандастарына үндеу жасады Әнші Серікбол Сайлаубек екінші рет шаңырақ көтерді (видео) Жәбірленушілер тарабы Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарманнан жауап алуды сұрады «Зәремді алдың ғой»: Мөлдір Әуелбекованың су жаңа образы жұрт назарына ілікті (видео) Базарда шай сатып тұрған ер адамға сый жасаған блогер жұртты сүйсінтті Елімізде есірткі қолданатын 18 мыңнан астам адам бақылауда тұр Дәріханаларда күмәнді препараттар балаларға ашық сатылып жатыр – депутат Бишімбаевтың інісі Байжановқа тағылған айып өзгерді ҚТЖ пойыздармен үй жануарларын тасымалдау ережелерін түсіндірді Енді жаңа туған сәбилерге ЖСН бірден берілетін болады Шымкентте қыз алып қашудың соңы ескертілді Cейсмологтар Қытайдағы жер сілкінісін тіркеді «Балағаттап, қылғындырған»: Маңғыстауда әйеліне күш қолданған ер адам 10 тәулікке қамалды Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды