Қазақстандық студенттер мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ерекше жобаны бастады

Аиса Махамбет Редактор
03.02.2024, 19:09
290
Қазақстандық студенттер мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ерекше жобаны бастады gov.kz

«YNGAI» жобасы қолға алынды.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Құқық және экономика жоғарғы мектебінің студенттері Мейрамбек Омархан мен Жанбол Ерболұлы философия докторы, қауымдастырылған профессор Даурен Бекежановтың жетекшілігімен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнап «YNGAI» жобасын қолға алды.

Жобаның негізгі мақсаты - мүгедектер арбасы жүре алмайтын жерлерде (баспалдақ, тар бөлмелер, жүруге ыңғайсыз жерлер, арба өлшемі сыймайтын кеңістіктер), мүмкіндігі шектеулі адамның өз күшімен қимылдауына жағдай жасау.

Шағын жұмсақ орындықтың құрылымы өте қарапайым. Жамбасқа ыңғайлы төрт бұрышты көрпешенің екі белбеуі бар. Белбеулер белден және тізенің үстінен байланады. Бөлшектері арқылы орындықтың өлшемін өзгеруге болады. Адамның сырғып немесе құлап кетпеуі үшін астыңғы бөлігінде тіреуіш орналасқан. Сондай-ақ бетон едендерден суық өтпес үшін орындық ішінде жылытқыш құрылғы орнатылған. Жүріп-тұруы қиын адам қозғалғанда күш қолына түсетін болғандықтан қолғап та, қарастырылған. Тағы бір ерекшелігі, орындық аллергиялық аурулар туындатпайтын, суға төтеп бере алатын, отандық табиғи өнімдерден жасалған.

Соның ішінде: паралон, Oxford 1650, нейлон ленталары, фетор және т.б. Қажетті жабдықтар бар.Төтенше жағдай орын алған кезде де мүмкіндігі шектеулі жандарды эвакуациялауға ыңғайлы. Орындықтың екі жақ шетінде арнайы ілмек бар. Сол ілмекке таяқшаны іліп, екі адам екі жағынан көтеріп жүре алады.

«Студенттермен бірлесіп жасаған жұмсақ орындық қолданыста бар зембілдің жетілдірілген түрі. Көрпеше жүру мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру жағдайын біршама деңгейге жеңілдетеді, әрі маңайындағы адамдарға деген тәуелділігін азайтады», - дейді жоба жетекшісі Даурен Бекежанов.

TikTok АҚШ үкіметін сотқа берді Қонаевта жүргізуші итті көлігіне байлап, сүйреді Атырауда әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз қамауға алынды Дариға Бадықова "Таптым-ау сені" киносынан түскен 2 миллиард теңгеге не істегенін айтты «Ешқайсысы төркініне қайтып келмеген»: әнші Айдар Тұрғамбек ұзату тойға не үшін баратынын түсіндірді Жас домбырашылар пойыз жолаушыларын өнерімен тәнті етті Абай облысында 3 адам өрттен құтқарылды Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің саммитіне қатысты Қызылорда қаласында жастар арасында жаппай төбелес болды Ақтөбеде 5-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды Қытай 2025 жылдың соңына дейін 12 елге визасыз режимді ұзартты Астанада полицей балшыққа батып қалған баланы құтқарды "Зейнетақысын алып қойған": Алматыда ер адам анасын аяусыз ұрып-соққан үшін қамалды Оралдағы саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады Атырауда сарбаз әскери бөлімнен қару алып шыққан Астанаға Нидерланд Премьер-министрі келеді Ақмола облысында депутат тұрғындардың көзінше итті көлігімен басып өткен Түркістан облысында жолда оқушылар мінген «Газель» өртеніп кетті Алматыда өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды Қызылорда облысында екі адамды тоқ соғып, мерт болды