QYZPU жас ғалымы жасанды интеллект көмегімен білім беру жүйесін өзгертпекші

09.02.2024, 09:05
351
QYZPU жас ғалымы жасанды интеллект көмегімен білім беру жүйесін өзгертпекші gov.kz

Парасат Тазабекова жаңа құралдарды тәжірибеден өткізіп көрсетті.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің информатика кафедрасының аға оқытушысы Парасат Тазабекова білім беру жүйесін жасанды интеллект көмегімен өзгерткісі келеді. Ол үшін постдокторант студенттерге сабақ беруде тиімді 10 генеративті жүйені анықтады.

Жас ғалымның айтуынша, жасанды интеллектіге негізделген генеративтік жүйелер озық технологиялармен ұштаса отырып, жаңа қолданыстар табуда. Бұл бастама білім беру жүйесінде цифрлық технологияларды оқытудың жаңа тәсілі ретінде қолданылуы мүмкін. Постдокторант өз идеясын оқу процесіне енгізуге белсене кіріскен және қазірдің өзінде әріптестерімен бөлісіп жатыр.

Атап айтқанда, жас ғалым академиялық бағдарламаларды әзірлеушілермен бірлесе отырып, өзге ұстаздарға практикалық семинар өткізді. Онда жасанды сананың мүмкіндіктері мен оны білім беру жүйесін өзгерту үшін қалай пайдалануға болатыны туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ оқыту процесін барынша ыңғайлы, күрделі ұғымдарды студенттерге түсінікті ететін жасанды сананың тәсілдерін ұсынды.

сурет: gov.kz/Ғылым және жоғары білім министрлігі

Парасат Тазабекова оқытушыларға генеративті жүйенінің теориясын таныстырып, жаңа құралдарды тәжірибеден өткізіп көрсетті. Семинарға қатысушылар сондай-ақ GhatGPT, Bard, Notion AI және оқыту процесін жақсарту үшін пайдаланылуы мүмкін басқа да бірқатар цифрлық қызметтермен танысты. Осылайша жас ғалым жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізуге өз үлесін қосуда.

«Ресей Кенесары ханның бас сүйегін қайтармайды» — тарихшы Жамбыл Артықбаев Гүлмира Сатыбалдының тағы бір ісі бойынша сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды Көліктің терезесін сындырған: Ақтаулық келіншек бұрынғы күйеуінің аңдып жүргенін айтып, полицейлердің әрекетсіздігіне шағымданды «Ордабасы» футбол клубының жанкүйерлері матч кезінде қала әкімдігіне байкот жариялады (видео) «Шаршадым, Зәке, Тоқаевқа беремін»: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуінен кешірім сұрады (видео) Жарты сағатта екі бала терезеден құлаған «Жігіттермен тең жүрдік»: Астанада қарттар үйінде тұратын ардагер әжей соғыс жылдарын еске алды (видео) «Ішіңіз таза болсын»: Ерке Есмахан қалай күтінетінін айтты Елорда: LRT құрылысында кран құлады Джиу-джитсудан Жібек Құлымбетова Азия чемпионы атанды Ерлан Қарин Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады TikTok АҚШ үкіметін сотқа берді Қонаевта жүргізуші итті көлігіне байлап, сүйреді Атырауда әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз қамауға алынды Дариға Бадықова "Таптым-ау сені" киносынан түскен 2 миллиард теңгеге не істегенін айтты «Ешқайсысы төркініне қайтып келмеген»: әнші Айдар Тұрғамбек ұзату тойға не үшін баратынын түсіндірді Жас домбырашылар пойыз жолаушыларын өнерімен тәнті етті Абай облысында 3 адам өрттен құтқарылды Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің саммитіне қатысты