Қызылордалық өнертапқыш өрттің алдын алатын ақпараттық жүйе жасады

12.02.2024, 10:05
325
Қызылордалық өнертапқыш өрттің алдын алатын ақпараттық жүйе жасады кейіпкердің жеке архивінен

Қызылордалық жас өнертапқыш Жұлдызай Мұңайтбасова «Zhalyn» өртті алдын алу ақпараттық жүйесін жасап шықты. Бұл жүйе ірі өрттерді болдырмауға бағытталған.

Kazinform хабарлауынша, ақпараттық жүйе халықтың орман өрті туралы хабардар болуына арналған экологиялық жоба ретінде бағаланып отыр. Мақсаты - еліміздегі орман өрттерінің жойқын әсерін барынша азайту.

Жұлдызай Мұңайтбасова Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 11-сыныпта оқиды.

«Бұл кешенді жүйе ең алдымен сезгіш құралдар арқылы сала мамандарына орман жағдайы, аумағы, қай аймақта болып жатқаны туралы ақпарат береді. Содан кейін мамандар сол аймаққа барып орман деңгейін анықтай алады. Сондай-ақ, радио толқындар интернетке ретранслятор арқылы айналып, жергілікті халыққа ақпаратты платформа және сервер арқылы жібереді. Осылайша барлық адам алғашқы сатыда өртті анықтап, жұмыла жұмыс жасауына мүмкіндігі бар. Ол экономикалық, әлеуметтік шығынды азайтады. Артықшылығы - бұл өртті алғашқы сатыда анықтайтын жүйе. Жүйе анықтауға, алдын алуға, жұмыс жасауға жол ашады. Нақты іске асыру үшін бізге қазіргі таңда серіктестік қажет. Үкімет, төтенше жағдайлар министрлігінен қолдау жасалса деген ұсыным бар. Содан кейін жобаны нарыққа шығарып, іске асыруға болады», - дейді Жұлдызай Мұңайтбасова.

Өрт туралы ақпарат бәріне ашық болады. Ақпарат министрлік пен қарапайым адамға қолжетімді.

Өткен жылы жазда Абай облысында ірі өрт болды. Өрт аумағы бір күннің ішінде 100 гектарға дейін созылды. Сол уақытта біз елімізде әлі де шешілмеген осындай мәселе бар екенін анықтадық. Алдағы уақытта серіктестік және жобамызға инвестиция іздейміз. Келешекте жобамызға тағы да бір жүйе қосылады. Ол өртті ғарыштан бақылауға және орманшының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналады», - деді жас өнертапқыш.

«Ордабасы» футбол клубының жанкүйерлері матч кезінде қала әкімдігіне байкот жариялады (видео) «Шаршадым, Зәке, Тоқаевқа беремін»: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуінен кешірім сұрады (видео) Жарты сағатта екі бала терезеден құлаған «Жігіттермен тең жүрдік»: Астанада қарттар үйінде тұратын ардагер әжей соғыс жылдарын еске алды (видео) «Ішіңіз таза болсын»: Ерке Есмахан қалай күтінетінін айтты Елорда: LRT құрылысында кран құлады Джиу-джитсудан Жібек Құлымбетова Азия чемпионы атанды Ерлан Қарин Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады TikTok АҚШ үкіметін сотқа берді Қонаевта жүргізуші итті көлігіне байлап, сүйреді Атырауда әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз қамауға алынды Дариға Бадықова "Таптым-ау сені" киносынан түскен 2 миллиард теңгеге не істегенін айтты «Ешқайсысы төркініне қайтып келмеген»: әнші Айдар Тұрғамбек ұзату тойға не үшін баратынын түсіндірді Жас домбырашылар пойыз жолаушыларын өнерімен тәнті етті Абай облысында 3 адам өрттен құтқарылды Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің саммитіне қатысты Қызылорда қаласында жастар арасында жаппай төбелес болды Ақтөбеде 5-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды Қытай 2025 жылдың соңына дейін 12 елге визасыз режимді ұзартты