Студенттер мүмкіндігі шектеулілерге дәрі-дәрмекті тез жеткізетін ұшатын аппарат құрастырды

Аиса Махамбет Редактор
16.02.2024, 10:51
271
Студенттер мүмкіндігі шектеулілерге дәрі-дәрмекті тез жеткізетін ұшатын аппарат құрастырды бейнежазбадан алынған кадр

Жас ғалымдар ұшатын аппаратты гексакоптер деп атаған.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Сәтбаев университетінің студенттері мүмкіндігі шектеулі жандарға дәрі-дәрмекті жылдам жеткізетін ұшатын аппарат жасап шығарды. Гексакоптер деп аталатын ұшқышсыз ұшатын құрылғыны «Электротехника, телекоммуникациялар және ғарыштық технологиялар» кафедрасындағылар құрастырған.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметіне сүйенсек, құрылғы аз қабатты үйлер мен алыс ауылдарға дәрі-дәрмек жеткізуге арналған.

Жоба жетекшісі, Сәтбаев университетінің қауымдастырылған профессоры Абдумежит Дараевтың айтуынша, магистранттар мен студенттер тобы кез келген жағдайда қолайсыз ауа райында немесе жол талғамайтын жағдайда дәрігерлер жедел медициналық көмек көрсете алатын гексакоптер жасауды өздеріне мақсат етіп қойған.

Дәрі-дәрмекті жеткізу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану көлік шығындары мен жеткізу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Ол үшін дрон навигацияда өте сенімді, сонымен қатар өз функцияларын қалтқысыз, дәл орындай алатын болуы керек. Сондай-ақ дәрі-дәрмек жеткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оның жүк көтергіш қабілеті де шектеулі болады.

Ұшқышсыз ұшу аппараттарының маневрлік және дәл ұшу қабілеті өте жоғары, сондықтан олар дәрі-дәрмекті ең қиын жерлерге де жеткізуге мүмкіндік береді.

Дариға Бадықова "Таптым-ау сені" киносынан түскен 2 миллиард теңгеге не істегенін айтты «Ешқайсысы төркініне қайтып келмеген»: әнші Айдар Тұрғамбек ұзату тойға не үшін баратынын түсіндірді Жас домбырашылар пойыз жолаушыларын өнерімен тәнті етті Абай облысында 3 адам өрттен құтқарылды Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің саммитіне қатысты Қызылорда қаласында жастар арасында жаппай төбелес болды Ақтөбеде 5-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды Қытай 2025 жылдың соңына дейін 12 елге визасыз режимді ұзартты Астанада полицей балшыққа батып қалған баланы құтқарды "Зейнетақысын алып қойған": Алматыда ер адам анасын аяусыз ұрып-соққан үшін қамалды Оралдағы саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады Атырауда сарбаз әскери бөлімнен қару алып шыққан Астанаға Нидерланд Премьер-министрі келеді Ақмола облысында депутат тұрғындардың көзінше итті көлігімен басып өткен Түркістан облысында жолда оқушылар мінген «Газель» өртеніп кетті Алматыда өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды Қызылорда облысында екі адамды тоқ соғып, мерт болды Мемлекет басшысы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды Ақтөбеде екі бала терезеден құлап кетті "Асқазанның жарасын да, артығын да кесті": Құрманай Бақтиярқызы ауыр дертпен қалай арпалысқанын айтты