Студенттер бауыр қатерлі ісігін анықтауға бағытталған стартаппен жұмыс істеуде

17.02.2024, 09:50
367
Студенттер бауыр қатерлі ісігін анықтауға бағытталған стартаппен жұмыс істеуде gov.kz

Қатерлі ісікті анықтауға мамандандырылған стартап құрылды.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Astana IT, KBTU және University of Warwick студенттерінің «OncoZero.AI» стартап жобасын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қолдайды. Бұл туралы ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ғалымжан Жанқуатовтың жас зерттеушілермен болған кездесуінде айтты.

Айта кету керек, OncoZero.AI – бауыр қатерлі ісігін анықтауға мамандандырылған стартап 2023 жылдың қыркүйегінде құрылды. Жоба бастапқыда хромосомаларды жіктеуге бағытталған, бірақ кейінірек бауыр ісігін сегментациялауға көшу туралы шешім қабылданды. Жас зерттеушілер нейрондық желі арқылы рак клеткаларын ерте диагностикалау бағдарламасын ұсынды.

Кездесу барысында Г.Жанқуатов әзірленген қосымшаның денсаулық сақтау саласында үлкен әлеуеті мен келешегі бар екенін атап өтті. Цифрлық технологиялардың дамуымен осы бағдарламаны қолдану өзекті және бүгінгі таңда сұранысқа ие. Сондай-ақ, ол гранттық қаржыландыру тетіктеріне, стартап бағдарламаларға қатысу ережелеріне және инновациялық мәдениетті ынталандыруға егжей-тегжейлі тоқталды.

Студенттер кездесуді ұйымдастырғаны үшін ведомствоға өз алғыстарын білдірді, сондай-ақ зерттеу барысында туындайтын алдағы жоспарлар мен міндеттермен бөлісті.

Тараптар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің одан әрі дамуы мен тұрақты ынтымақтастығы туралы уағдаласты.

Гүлмира Сатыбалдының тағы бір ісі бойынша сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды Көліктің терезесін сындырған: Ақтаулық келіншек бұрынғы күйеуінің аңдып жүргенін айтып, полицейлердің әрекетсіздігіне шағымданды «Ордабасы» футбол клубының жанкүйерлері матч кезінде қала әкімдігіне байкот жариялады (видео) «Шаршадым, Зәке, Тоқаевқа беремін»: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуінен кешірім сұрады (видео) Жарты сағатта екі бала терезеден құлаған «Жігіттермен тең жүрдік»: Астанада қарттар үйінде тұратын ардагер әжей соғыс жылдарын еске алды (видео) «Ішіңіз таза болсын»: Ерке Есмахан қалай күтінетінін айтты Елорда: LRT құрылысында кран құлады Джиу-джитсудан Жібек Құлымбетова Азия чемпионы атанды Ерлан Қарин Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады TikTok АҚШ үкіметін сотқа берді Қонаевта жүргізуші итті көлігіне байлап, сүйреді Атырауда әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз қамауға алынды Дариға Бадықова "Таптым-ау сені" киносынан түскен 2 миллиард теңгеге не істегенін айтты «Ешқайсысы төркініне қайтып келмеген»: әнші Айдар Тұрғамбек ұзату тойға не үшін баратынын түсіндірді Жас домбырашылар пойыз жолаушыларын өнерімен тәнті етті Абай облысында 3 адам өрттен құтқарылды Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің саммитіне қатысты Қызылорда қаласында жастар арасында жаппай төбелес болды