Зияткерлік мектеп оқушысы өртті ерте анықтау құрылғысын ойлап тапты

04.03.2024, 14:30
300
Зияткерлік мектеп оқушысы өртті ерте анықтау құрылғысын ойлап тапты nis.edu.kz

Өрт түтіндеп бастағанда-ақ хабар беретін «Zhalyn» ақылды өнертабысы қоршаған ортаны экологиялық апаттар мен қайғылы оқиғалардан қорғайды.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Жұлдызай Мұнайтбасованың инновациялық құрылғысы мектептің технологиялық алаңында жиналған. Жоба нақты уақыт режимінде айналаны үздіксіз мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

Жүйе қарапайым радиожиіліктер көмегімен жұмыс істейді. Оған интернет те қажет емес. Қайталағыш көмегімен ақпарат арнайы платформаларда беріліп отырады. Оның көмегімен халықты, құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдарды өрт түтіндеп бастағанда-ақ хабардар етуге болады.

– Мен ормандарды өрттен қорғау жүйесін әзірлеуді шештім, өйткені Қазақстандағы орман өрттерінің саны мені қатты ойландырды. Мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын 11 мыңға жуық орман өрті тіркеледі, ал соңғы үш жылда олардың саны 32,6 пайызға артқан. Осылайша, «Zhalyn» ормандарды қорғаудың және орман өрттерінің қоршаған ортаға, азаматтардың өміріне кері әсерін тигізбеуі үшін ғылыми-техникалық шешімдердің болуы керек деп шештім, – дейді жоба авторы.

Құрылғыны құрастыру үлкен шығындарды қажет етпейді. Барлық компоненттер қолжетімді. Сонымен қатар құрылғының өзі шағын өлшемді. Сенсорларды ағашқа орнатуға да болады. Жұлдызай өнертабысына авторлық құқық алу үшін барлық құжаттарын дайындап жатыр. Болашақта ол ақпараттық құрылғыны өндіріске енгізу үшін инвестор табуды жоспарлап отыр.

Жалпы NIS оқушылары өз өнертабыстарын монетизациялау бойынша қазірдің өзінде 200 миллионнан аса қаржы тапқан. Мектеп оқушылары нәрестені шомылдыруды жеңілдететін құрылғыға, сондай-ақ қант диабетінің асқынуын болдырмауға арналған жобалары үшін патент алған. Оқушылардың кейбір өнертабыстары әлемде ең үздік деп танылған. Айталық, Парижде шымкенттік зияткерлердің пластмассаны тез ыдырату жобасы жоғары бағаланып, алтын алды.

Нұртөре Арынұрұлының «Artemia Salina полиқанықпаған май қышқылдарын алу әдісі» әзірлемесі ауыр дертке душар болған пациенттердің тез қалпына келуіне көмектеседі. Ал Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Анастасия Цай еңбек өнімділігін арттырудың инновациялық әдісін ойлап тапты.

TikTok АҚШ үкіметін сотқа берді Қонаевта жүргізуші итті көлігіне байлап, сүйреді Атырауда әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз қамауға алынды Дариға Бадықова "Таптым-ау сені" киносынан түскен 2 миллиард теңгеге не істегенін айтты «Ешқайсысы төркініне қайтып келмеген»: әнші Айдар Тұрғамбек ұзату тойға не үшін баратынын түсіндірді Жас домбырашылар пойыз жолаушыларын өнерімен тәнті етті Абай облысында 3 адам өрттен құтқарылды Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің саммитіне қатысты Қызылорда қаласында жастар арасында жаппай төбелес болды Ақтөбеде 5-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды Қытай 2025 жылдың соңына дейін 12 елге визасыз режимді ұзартты Астанада полицей балшыққа батып қалған баланы құтқарды "Зейнетақысын алып қойған": Алматыда ер адам анасын аяусыз ұрып-соққан үшін қамалды Оралдағы саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады Атырауда сарбаз әскери бөлімнен қару алып шыққан Астанаға Нидерланд Премьер-министрі келеді Ақмола облысында депутат тұрғындардың көзінше итті көлігімен басып өткен Түркістан облысында жолда оқушылар мінген «Газель» өртеніп кетті Алматыда өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды Қызылорда облысында екі адамды тоқ соғып, мерт болды