Астанада GovStack Аймақтық форумы басталды

29.03.2024, 09:47
190
Астанада GovStack Аймақтық форумы басталды gov.kz

GovStack – Астанада цифрлық үкіметтің трансформациясын жеделдету үшін бастау алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада цифрлық үкіметтің трансформациясын жеделдету жолында атты GovStack Аймақтық форумы өз жұмысын бастады. Іс-шараға Халықаралық электрбайланыс одағының спикерлері, ЦДИАӨМ басшылары мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қызметкерлері, сондай-ақ ТМД елдері мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты. Форум қонақтарына қазақстандық цифрлық қызметтер көрсетілді.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнекәсібі вице-министрі Қаныш Төлеушин Қазақстанның цифрлық экожүйесі және IT-қызметтердің экспорты жайлы айтты.

ХЭО электр байланысын дамыту Бюросының директоры Космас Лакисон Завазава өз сөзінде Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі цифрландырудың жоғары деңгейін атап өтті.

«Мен Қазақстан Үкіметіне және министр Бағдат Мусинге өңірдегі цифрлық технологиялар саласындағы қолдауы мен осы саланы дамытқаны үшін алғысымды білдіремін. Қазақстанда eGov мобильді қосымшасында 33-тен астам цифрлық құжат және 1200-ден астам түрлі мемлекеттік қызметтер онлайн режимінде қолжетімді. Осылайша, Қазақстан GovStack бағдарламасын аймақтық ынтымақтастық, озық тәжірибемен бөлісу және елдің қажеттіліктеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді жеткізуді жеделдету үшін әртүрлі цифрлық қоғамдық тауарларды қайта пайдалануды ынталандыру арқылы басқарады»,- деп атап өтті доктор Космас Лакисон Завазава, ХЭО электр байланысын дамыту Бюросының басшысы. 

Атап өткен жөн, бұған дейін Цифрлық даму министрлігінен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Еуразиялық даму банкі және Халықаралық электрбайланыс одағы ТМД елдерінде электронды үкіметті дамытудың инновациялық бастамасы GovStack жобасын қаржыландыру бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы хабарлады. 

GovStack – ТМД елдерінде қолданылатын электронды үкіметтің интеграцияланған технологиялық платформасын құруға бағытталған ауқымды жоба. Платформа өңірдің бірыңғай қажеттіліктерін ескере отырып әзірленеді және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және азаматтар мен мемлекеттің өзара тиімді әрекетін қамтамасыз ету үшін жеткілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп жүзеге асырылатын болады.

GovStack жобасының мақсаты – ТМД елдеріндегі мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру, сондай-ақ заманауи цифрлық платформалар арқылы азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету. 

«Ешқайсысы төркініне қайтып келмеген»: әнші Айдар Тұрғамбек ұзату тойға не үшін баратынын түсіндірді Жас домбырашылар пойыз жолаушыларын өнерімен тәнті етті Абай облысында 3 адам өрттен құтқарылды Дариға Бадықова "Таптым-ау сені" киносынан түскен 2 миллиард теңгеге не істегенін айтты Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің саммитіне қатысты Қызылорда қаласында жастар арасында жаппай төбелес болды Ақтөбеде 5-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды Қытай 2025 жылдың соңына дейін 12 елге визасыз режимді ұзартты Астанада полицей балшыққа батып қалған баланы құтқарды "Зейнетақысын алып қойған": Алматыда ер адам анасын аяусыз ұрып-соққан үшін қамалды Оралдағы саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады Атырауда сарбаз әскери бөлімнен қару алып шыққан Астанаға Нидерланд Премьер-министрі келеді Ақмола облысында депутат тұрғындардың көзінше итті көлігімен басып өткен Түркістан облысында жолда оқушылар мінген «Газель» өртеніп кетті Алматыда өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды Қызылорда облысында екі адамды тоқ соғып, мерт болды Мемлекет басшысы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды Ақтөбеде екі бала терезеден құлап кетті "Асқазанның жарасын да, артығын да кесті": Құрманай Бақтиярқызы ауыр дертпен қалай арпалысқанын айтты