Саха Республикасының Мемлекеттік опера және балет театры әртістері Қазақстанда алғаш рет өнер көрсетті

21.04.2024, 11:20
373
Саха Республикасының Мемлекеттік опера және балет театры әртістері Қазақстанда алғаш рет өнер көрсетті Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Театр әртістері үшін бұл айтулы оқиға, өйткені бұрын спектакль елден тыс жерде көрсетілмеген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Саха Республикасының (Якутия) мәдени күндері аясында алғаш рет «Ньургун Боотур» операсының көрсетілімі қазақстандық көрерменге жол тартты. 

«Ньургун Боотур» – көптеген хор және балет сахналары бар көлемді ұлттық якут жобасы. Спектакль якут эпосына негізделген және басты кейіпкердің, батыр Ньургун Боотурдың тылсым әлем күштерімен күресі туралы баяндайды.

Режиссер Андрей Борисовтың қойылымына 200-ге жуық оркестр, опера, балет, хор және драма әртістері қатысты. Реквизиттердің, костюмдер мен аяқ киімдердің жалпы салмағы 3,5 тоннаға дейін барады. Ал театрдың симфониялық оркестр құрамы белгілі шығармашылық ұжым «Якутия виртуоздары» скрипкашылар ансамблінің қатысуымен әрлене түсті.

Д.К. Сивцев-Суорун Омоллоон атындағы Саха Республикасының Мемлекеттік опера және балет театрының директоры Владислав Левочкиннің айтуынша, көрермен якут ұлттық эпосының қойылымын тамашалады.

«Біздің театр Қазақстанда алғаш рет өнер көрсетті және біз Якутияның кәсіби өнерінің басты жетістігі атанған «Ньургун Боотур» операсын көрерменге ұсынғанымызға қуаныштымыз. Менің ойымша, әрбір көрермен біздің арамызда ортақ дүние көп екенін, Қазақстан мен Якутияның мәдени тамыры тереңде екенін байқайды», - деді ол.

«Ньургун Боотур» спектаклі 22 сәуірде Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында қойылады.

«Әйелі бір бүйрегін берген»: Ләйла Сұлтанқызы астаналық азаматтың таңғажайып оқиғасын бөлісті (видео) Енді елімізде көзі тірі жандарға ескерткіш қойылмайды Бұршақ жауып, үсік жүреді: 5 мамырға арналған ауа райы болжамы «Әйеліме апта сайын бренд сыйлық беремін»: Қыран Талапбек табысты болудың құпиясын бөлісті «Әкемнің кім екенін білген кезде таңғалдым»: Мейрамбек Беспаев ата-анасы туралы сыр шертті «Еркектерден қорқып қалдым»: Танымал блогер Juzzefinа зорлыққа ұшырағанын жасырмады «Адам басына 5000 теңге»: Дәулет Мұқаев туған күнінде әріптестерінің қалай құттықтайтынын айтты Ұтқан көлігін ала алмай жүр: Танымал бизнес-тренер Аманжол Рысмендиевке алданған халық құзырлы органдардан көмек сұрады «Абыройыңды айрандай төгіп»: Балжан Бидаш өзін сынға алған оқырманына жауап берді Ғаділбек Жаңай қажылыққа бара жатқан азаматқа жол үстінде көже берді (видео) «Пайда тапсам деп жүр»: Ердос Қанаев отандық кинотуындыларға қатысты ойын айтты «Көзіме жас келеді»: Ақбота Керімбекова орындалмай қалған арманы туралы айтты Бишімбаев ісі бойынша соттың тікелей эфирі тоқтатылды: Жарыссөздің екінші кезеңі өтіп жатыр «Нашақор мен алаяқтан басқасына...»: Әбдіжаппар Әлқожа қарызға ақша беретінін айтты «7-20-25» бағдарламасымен қазақстандықтарға қанша қарыз берілгені белгілі болды «Тыртығынан тауып аламыз»: желідегілер Айжұлдыз Адайбекованың сүйіктісін анықтап көрді «Арктикалық суық»: алдағы күндері елімізде күн қайта суытады Байжановтың адвокаты Нұрсұлтан Назарбаевты да «сотқа тартуды» ұсынды «Газ шашқан»: Астанада ер адам автобуста қоғамдық тәртіпті бұзды «30 жастағы жігіт автобуспен жүреді»: Желіде Роза коучтың қыздарға айтқан кеңесі дауға ұласты