БҚО-дағы ахуал: Оралда бірнеше аудан су астында қалды

Аиса Махамбет Редактор
21.04.2024, 18:51
222
БҚО-дағы ахуал: Оралда бірнеше аудан су астында қалды ашық дереккөзден

Тұрғындарды эвакуациялау үшін автобус пен қажетті техникалар жұмылдырылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жайық өзенінің көтерілуіне байланысты 1, 2, 3 Саяжай, Самал, Телеорталық аудандары суға кетуі басталды. Бұл туралы Aikyn.kz жазды. 

Қазіргі уақытта сол аудандарда жергілікті әкімдік, Төтенше жағдай басқармасы, Жергілікті Полиция басқармасы және волонтерлер күні-түні бойы жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев мәлім етті.

Оның айтуынша, саяжайда қалған тұрғындарды эвакуациялау үшін автобус пен қажетті техникалар жұмылдырылды.

Жергілікті атқарушы органнан су басу қаупі бар саяжайларға алдын ала эвакуациялау жөнінде  хабарланды. Сол себепті, тұрғындардың басым көпшілігі эвакуацияланды.

«Бос қалған үйлерде құқықбұзушылық болмау мақсатында жергілікті полиция басқармасымен тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Қаладағы үйге көшу мүмкіндігі жоқ азаматтарға жедел эвакопункттер қарастырылған (Біздің BatysToday парақшамыздан эвакопункттер тізімі күн сайын жаңартылып тұрады).

Саяжай тұрғындарынан өзінің үйінің аумағындағы бөгеттерді бұзбау сұралады, себебі бұдан су деңгейі түспейді. Алайда бұл әрекетіңізден көрші үйлерге су басу қаупін тудырасыз.

Су тасқынынан болған шығын немесе залалды өтеу бойынша, бірреттік төлемақы алу бойынша қазіргі таңда өтініштер қабылдануда. Жұмыс орны мен жұмыс уақыты қала әкімдігінің ресми парақшаларында орналастырылған.

Ең бастысы – азаматтарымыздың амандығы!

Сабырлылық танытып, дүрбелеңге түспеңіздер», – дейді қала әкімінің орынбасары.

Алматы әуежайында шетелдік жолаушылар Дубайға ұшатын рейстен шығарылды «Қуандық Салтанатты ғана емес балаларымның әкесін өлтірді»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі экс-жұбайымен 14 жыл қалай некеде болғанын ашық айтты «Жасанды интеллект арқылы жасаған»: Қырғызстан президенті ағасына қатысты атышулы іске пікір білдірді «Қашаннан бері патриоттарды халық жауы деп қарайтын күнге жеттік»: Дина Таңсәрінің үстінен бір жылда 20 іс қозғалған Қазақтар америкалық танымал рэпер Snoop Dogg-қа шапан жапты Қазақстандық жастар оқу жылында 10-12 кітап оқиды «Әр еркек көп әйел алғысы келеді»: Әнші Рүстем Жүгінісов төрт әйел алатынын айтты ҚР Үкіметі мен БҰҰ арасындағы келісім бекітіледі Қазақстанның ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады «Көз жылқыны қазанға, адамды қабірге салады»: әнші Бағлан Әбдірайымов тіл-көз туралы ойын айтты Биыл шегірткемен күресуге 8,1 млрд теңге жұмсалады – министр «Аяғымды ұстамаңызшы»: Қайрат Нұртастың концерттегі тағы бір видеосы хит болды «Арзан үйлер көп»: Төреғалидің қарындасы Дубайға көшетін ойы барын айтты «Ол орталықтың қызметкері емес»: Әділет министрлігі мәйіттерді зорлаған күзетшіге қатысты пікір білдірді «1 күн уақыт береміз»: Жазира Байырбекова өзін қайтыс болды деп ақпарат таратқандарды сотқа бермек Белгілі әнші Саят Медеуов сотталғандар алдында өнер көрсетті Қазір мүмкін емес – Құспан Бишімбаев жазадан Назарбаевтан кешірім алғандай құтыла алмайтынын айтты «Қазақстан Ресейге бағынышты ел»: Жұлдыз Әбдікәрімова қан майданға қатысты жанайқайын айтты «Көп ақшаның дәмін таттық»: Олжас Абай Қайрат Нұртаспен араласпай кеткенін айтты Бишімбаевтан кейінгі сот процестері YouTube-та тікелей көрсетіле ме – Әділет министрлігінің жауабы