Amanzholov university қытайлық алып компаниямен келісімшартқа отырды

25.04.2024, 11:09
138
Amanzholov university қытайлық алып компаниямен келісімшартқа отырды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті делегациясы HAIER HAITECH компаниясымен ынтымақтастық туралы шарт жасасу мақсатында ҚХР-ға арнайы барды.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Бұл компания – әлемдегі төртінші ірі тұрмыстық техника өндірушісі, сондай-ақ «Сапа көшбасшысы» құрметті атағына ие және 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында тұрмыстық техниканың ресми демеушісі болған ірі ұйым. Соңғы он жыл ішінде HAIER HAITECH білім беру, денсаулық сақтау, тау-кен өнеркәсібі үшін жасанды интеллект негізінде жабдықтар өндірумен айналысып келеді. Сонымен қатар «Smart City», «Smart Home», «Қауіпсіз қала», «Дөңгелекті үй» жобаларын іске асырады.

«Біз жаңа серіктесімізбен бірлесе отырып, білім беру процесінде IT-құралдарды кең ауқымда пайдалануды, тау-кен өндіру өнеркәсібі үшін білікті мамандар даярлауды жоспарлап отырмыз. Соңғы оқиғаларға байланысты біз гидроқұрылыстардағы қирау қаупінің алдын алуға ерекше назар аударып отырмыз. Еліміздегі бөгеттерді қосымша қорғау үшін заманауи технологияларды енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген.

Сонымен қатар тараптар университет базасында «Smart library» және «AI Smart classroom» жобаларын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойды. Тиісті жұмыстар осы жылдың шілдесінде басталады.

Павлодар облысында ешқандай құжаты жоқ алты бала табылды Қазақстанда 7 пайыздық ипотекаға 1 триллион теңге берілді «Әйелі бір бүйрегін берген»: Ләйла Сұлтанқызы астаналық азаматтың таңғажайып оқиғасын бөлісті (видео) Енді елімізде көзі тірі жандарға ескерткіш қойылмайды Бұршақ жауып, үсік жүреді: 5 мамырға арналған ауа райы болжамы «Әйеліме апта сайын бренд сыйлық беремін»: Қыран Талапбек табысты болудың құпиясын бөлісті «Әкемнің кім екенін білген кезде таңғалдым»: Мейрамбек Беспаев ата-анасы туралы сыр шертті «Еркектерден қорқып қалдым»: Танымал блогер Juzzefinа зорлыққа ұшырағанын жасырмады «Адам басына 5000 теңге»: Дәулет Мұқаев туған күнінде әріптестерінің қалай құттықтайтынын айтты Ұтқан көлігін ала алмай жүр: Танымал бизнес-тренер Аманжол Рысмендиевке алданған халық құзырлы органдардан көмек сұрады «Абыройыңды айрандай төгіп»: Балжан Бидаш өзін сынға алған оқырманына жауап берді Ғаділбек Жаңай қажылыққа бара жатқан азаматқа жол үстінде көже берді (видео) «Пайда тапсам деп жүр»: Ердос Қанаев отандық кинотуындыларға қатысты ойын айтты «Көзіме жас келеді»: Ақбота Керімбекова орындалмай қалған арманы туралы айтты Бишімбаев ісі бойынша соттың тікелей эфирі тоқтатылды: Жарыссөздің екінші кезеңі өтіп жатыр «Нашақор мен алаяқтан басқасына...»: Әбдіжаппар Әлқожа қарызға ақша беретінін айтты «7-20-25» бағдарламасымен қазақстандықтарға қанша қарыз берілгені белгілі болды «Тыртығынан тауып аламыз»: желідегілер Айжұлдыз Адайбекованың сүйіктісін анықтап көрді «Арктикалық суық»: алдағы күндері елімізде күн қайта суытады Байжановтың адвокаты Нұрсұлтан Назарбаевты да «сотқа тартуды» ұсынды