Өскеменде ерлі-зайыптылар есірткі жарнамалаумен айналысқан

25.04.2024, 11:38
153
Өскеменде ерлі-зайыптылар есірткі жарнамалаумен айналысқан ШҚО ПД

Өскемен қаласында есірткі жарнамалаумен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Тәртіп сақшылары қаладағы шағын аудандардың бірінде есірткі заттарын сатумен айналысатын сайттарды жарнамалайтын парақшаларды ғимараттардың қабырғаларына жабыстырып жүрген екі адамды анықтаған.

«41 жастағы ер адам мен оның 28 жастағы жұбайын қылмыс орнынан жедел уәкілдер ұстады. Заттай дәлел ретінде есірткі жарнамаланған парақшалар тәркіленді. Күдіктілердің айтуынша, бұл парақшаларда тыйым салынған дәрі-дәрмектерді сататын интернет-дүкендер туралы ақпарат жазылғанын білмеген», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әйел адам өз сөзінде бұның жұмыс берушіден алған тапсырма екендігін, парақшаларды қала бойынша жапсыру керек болғанын түсіндірген. Еңбек жағдайымен келіскен ол, күйеуін өзімен бірге жұмыс істеуге шақырған. Алайда заң бойынша білместік жауапкершіліктен босатпайды.

«Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын жарнамалаумен айналысқаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Ерлі-зайыпты төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - делінген ақпаратта.

«Әйеліме апта сайын бренд сыйлық беремін»: Қыран Талапбек табысты болудың құпиясын бөлісті «Әкемнің кім екенін білген кезде таңғалдым»: Мейрамбек Беспаев ата-анасы туралы сыр шертті «Еркектерден қорқып қалдым»: Танымал блогер Juzzefinа зорлыққа ұшырағанын жасырмады «Адам басына 5000 теңге»: Дәулет Мұқаев туған күнінде әріптестерінің қалай құттықтайтынын айтты Ұтқан көлігін ала алмай жүр: Танымал бизнес-тренер Аманжол Рысмендиевке алданған халық құзырлы органдардан көмек сұрады «Абыройыңды айрандай төгіп»: Балжан Бидаш өзін сынға алған оқырманына жауап берді Ғаділбек Жаңай қажылыққа бара жатқан азаматқа жол үстінде көже берді (видео) «Пайда тапсам деп жүр»: Ердос Қанаев отандық кинотуындыларға қатысты ойын айтты «Көзіме жас келеді»: Ақбота Керімбекова орындалмай қалған арманы туралы айтты Бишімбаев ісі бойынша соттың тікелей эфирі тоқтатылды: Жарыссөздің екінші кезеңі өтіп жатыр «Нашақор мен алаяқтан басқасына...»: Әбдіжаппар Әлқожа қарызға ақша беретінін айтты «7-20-25» бағдарламасымен қазақстандықтарға қанша қарыз берілгені белгілі болды «Тыртығынан тауып аламыз»: желідегілер Айжұлдыз Адайбекованың сүйіктісін анықтап көрді «Арктикалық суық»: алдағы күндері елімізде күн қайта суытады Байжановтың адвокаты Нұрсұлтан Назарбаевты да «сотқа тартуды» ұсынды «Газ шашқан»: Астанада ер адам автобуста қоғамдық тәртіпті бұзды «30 жастағы жігіт автобуспен жүреді»: Желіде Роза коучтың қыздарға айтқан кеңесі дауға ұласты Астанада «Бейбітшілік және келісім сарайы» мен «Бәйтерек» монументі жабылды «Арық өлі шаяндарға толы»: Маңғыстау тұрғыны жаппай қырылған шаяндардың видеосын жариялады Қазақстан аймақтарында алдағы күндері ауа райы күрт суиды – Синоптиктер