Айтбек қарындасының өлімінен пайда тапқысы келеді - Ресейлік психолог

25.04.2024, 14:45
414
Айтбек қарындасының өлімінен пайда тапқысы келеді - Ресейлік психолог kursiv.media

Еліміздегі «ұят» ұғымын әйелдер қауымын қыспаққа алудың бір құралы деп санаған Ксения Собчактың артынан Қазақстанға ресейлік нейропсихолог, коуч-жаттықтырушы Наталья Грейс келді.

Caravan.kz медиа порталының хабарлауынша, ол өзінің сот залындағы әрекеті үшін судьядан ескерту алып, сот залынан шығып кетті. Кейін баспасөз орталығына көтеріліп, «азаматтық позициясын» айтып халықтың ашуына тиді.

Наталья Грейс сотқа келіп, процесті видеоға түсіре бастаған. Алайда, сот залына, ашық процесті түсіруге тек тіркелген БАҚ өкілдері жіберілетін. Жәбірленушінің адвокаты Жанна Уразбахова түсіруге болмайтын дәлелдерді түсіріп жатқан блогерге сөгіс жариялауды сұрады. Судья Айжан Құлбаева ескерту жасаған кезде, ол мұны жасамағанын айтып, соттан кешірім сұрады.

Он минуттық үзіліс кезінде ол азаматтық позициясын айтып, ақтала бастады. Сондай-ақ бәрін «хайп» деп, Бишімбаев қылмысты қасақана емес, аффект жағдайында жасаған деп мәлімдеді. Жалпы, аффект жағдайындағы қылмыс 8 сағатқа созылмайды. Осыны ескерген жөн.

Сот залында біздің тілшілердің сұрағына жауап беріп, екінші рет сот процесіне кірмейтінін айтты.

“Өзіме қажет нәрсенің бәрін көрдім. Қандай жағдай болса да, бағдарламамды шығарамын. Бұл жерде қоғамға қысым жасалып жатқанын байқадым, ол туралы да айтамын. Менің пікірімше, Айтбек бұл оқиғадан өзіне коммерциялық пайда іздеп жүр. Сол себепті процесті мүмкіндігінше созып жатыр. Себебі көп адам коммерциялық негізде “хайп” деген нәрсемен айналысады”, – деді Грэйс. 

Ол Қазақстанға келуге, сотқа қатысуға ешқандай рұқсат алмаған екен. Министрлікке сұраныс жібермеген.

“Мен Қазақстан аумағында сыртқы істер министрлігіне тіркелген жоқпын. Бірақ бұл маған азамат ретінде ашық дереккөздерден, әлем бойынша жүргізіліп жатқан трансляциядан ақпарат жинауға кедергі келтірмейді. Біз видео түсірдік. Ешқандай заң бұзған жоқпыз. Ұнамаса ресми органдарға жазыңыздар”, – деді Грэйс. 

Ол тек судьямен ерегесіп қана қоймай, марқұмның ағасына осылай тіл тигізгені тіпті журналистердің ашуына тиді. «Қарындасының өлімінен пайда іздеген» деп айтқаны халықтың да наразылығын туғызды.

«Бишімбаевтың шешесі ақша беріп шақыртқан сияқты»,- дейді желі қолданушылары.

«Әйеліме апта сайын бренд сыйлық беремін»: Қыран Талапбек табысты болудың құпиясын бөлісті «Әкемнің кім екенін білген кезде таңғалдым»: Мейрамбек Беспаев ата-анасы туралы сыр шертті «Еркектерден қорқып қалдым»: Танымал блогер Juzzefinа зорлыққа ұшырағанын жасырмады «Адам басына 5000 теңге»: Дәулет Мұқаев туған күнінде әріптестерінің қалай құттықтайтынын айтты Ұтқан көлігін ала алмай жүр: Танымал бизнес-тренер Аманжол Рысмендиевке алданған халық құзырлы органдардан көмек сұрады «Абыройыңды айрандай төгіп»: Балжан Бидаш өзін сынға алған оқырманына жауап берді Ғаділбек Жаңай қажылыққа бара жатқан азаматқа жол үстінде көже берді (видео) «Пайда тапсам деп жүр»: Ердос Қанаев отандық кинотуындыларға қатысты ойын айтты «Көзіме жас келеді»: Ақбота Керімбекова орындалмай қалған арманы туралы айтты Бишімбаев ісі бойынша соттың тікелей эфирі тоқтатылды: Жарыссөздің екінші кезеңі өтіп жатыр «Нашақор мен алаяқтан басқасына...»: Әбдіжаппар Әлқожа қарызға ақша беретінін айтты «7-20-25» бағдарламасымен қазақстандықтарға қанша қарыз берілгені белгілі болды «Тыртығынан тауып аламыз»: желідегілер Айжұлдыз Адайбекованың сүйіктісін анықтап көрді «Арктикалық суық»: алдағы күндері елімізде күн қайта суытады Байжановтың адвокаты Нұрсұлтан Назарбаевты да «сотқа тартуды» ұсынды «Газ шашқан»: Астанада ер адам автобуста қоғамдық тәртіпті бұзды «30 жастағы жігіт автобуспен жүреді»: Желіде Роза коучтың қыздарға айтқан кеңесі дауға ұласты Астанада «Бейбітшілік және келісім сарайы» мен «Бәйтерек» монументі жабылды «Арық өлі шаяндарға толы»: Маңғыстау тұрғыны жаппай қырылған шаяндардың видеосын жариялады Қазақстан аймақтарында алдағы күндері ауа райы күрт суиды – Синоптиктер