"Қызын қолында ұстап тұрғанда 27 рет пышақтаған: Азаматтық некедегі күйеуі әйелін асқан қатігездікпен өлтірді

Аиса Махамбет Редактор
07.04.2024, 17:47
3180
"Қызын қолында ұстап тұрғанда 27 рет пышақтаған: Азаматтық некедегі күйеуі әйелін асқан қатігездікпен өлтірді бейнежазбадан алынған кадр

Қырғызстандағы Бішкек қаласының іргесінде ер адам 34 жастағы азаматтық некедегі әйелін баласының көзінше өлтірген. Марқұмның жақындарының сөзінше, күдікті полиция өзі берілген. Ал Рахиманың үш баласы жетім қалды дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Рахиманың анасы қызын өлтірген ер адамның оның екінші күйеуі екенін айтады. Бірінші некесінен Рахиманың екі ұлы бар екен. Ал қызын сал ауруымен дүниеге келген ұлы көз жұмған соң асырап алған.

Марқұмның жақындары "Настоящее время" басылымына берген ақпаратында азаматтық некедегі күйеуі Рахиманы бұған дейін де ұрып келген деді. 

"Ұлдары сал ауруымен дүниеге келіп, кейін көз жұмды. Сол кезде Рахимаға бала күтімі бойынша көмектескен едім. Күйеуі ұрған кезде мен куәгер болдым, есінен танғанша басынан қазанмен ұрды. Содан кейін екеуі татуласты, бірақ барлығына ажырасатынын айтып жүрген. Енді өтпейтін пышақпен 27 рет пышақтады дейді. Сол кезде қызын қолына ұстап тұрған. Балалары көрші бөлмеде отырыпты. Асқан жауыздықпен өлтірген, мұндайларды өлім жазасына кесу керек", – дейді әйелдің туысы Бурмагүл Жамакеева.

Көршілерінің айтуынша, ер адам полицияға өзі берілген. Сондай-ақ Рахиманы көзіне шөп салғаны үшін өлтіргенін айтыпты. Ішкі істер министрлігі көп ұзамай күдіктінің ұсталғанын, "Асқан қатігездікпен кісі өлтіру" бабы бойынша іс қозғалғанын мәлімдеді. 

"Әйелдерді қорғайтын кезде заң жұмыс істемейді. Рахима бірнеше рет милицияға арыз жазды, ұрып-соғатынын айтып, шағым түсірген. Бірақ ол жердегілер отбасылық іске араласпайтынын айтыпты. Өзі де бұл туралы бірнеше рет айтты. Әйелді өлтірген соң ғана полиция шара қабылдайды. Қанішерді қатаң жазалауды талап етеміз", – деді Рахиманың әпкесі Миргүл Былжиева. 

Марқұмның анасы қызының екі ай бұрын күйеуімен ажырасқысы келгенін айтады. Бірақ ер адам әйелін қайтарып алу үшін барлығын істеген, тіпті жақындарынан көмектесуді сұрапты. 

"Жарқырап жүретін. Әрі қарай не істейін? Қалай өмір сүремін? Әрі кетсе 10 жыл отырып, бостандыққа шығады. Ал қызымды кім қайтарып береді? Сол күні күйеуі маған келіп өзгергенін, 5 уақыт намаз оқып, ораза ұстайтынын айтты. Жылап кешірім сұрап, қызымен татуластыруды сұрады. Мұнда менің де кінәм бар. Не үшін істедім? Оны аяп едім, енді қызымнан айырылдым. Біздің балаларымызды өлтіруді қашан қояды? Әйелдердің құқығын қашан қорғайды", – деді Салқынай Құрманова. 

Сот Бишімбаевқа үкім шығаратын алқабилерге сұрақтарды дайындап жатыр Бірнеше өңірде ескерту жарияланды: 10 мамырға арналған ауа райы болжамы Украина билігі де түрмеде жазасын өтеушілерді соғысқа жібермек Украина президенті Владимир Зеленскийді өз күзетшілері өлтірмек болды «Назарбаев мені көтерді де, тастады да»: генерал Ертаев атышулы қару сату ісі жайлы құпияларды айтты (видео) «Ресей Кенесары ханның бас сүйегін қайтармайды» — тарихшы Жамбыл Артықбаев Гүлмира Сатыбалдының тағы бір ісі бойынша сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды Көліктің терезесін сындырған: Ақтаулық келіншек бұрынғы күйеуінің аңдып жүргенін айтып, полицейлердің әрекетсіздігіне шағымданды «Ордабасы» футбол клубының жанкүйерлері матч кезінде қала әкімдігіне байкот жариялады (видео) «Шаршадым, Зәке, Тоқаевқа беремін»: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуінен кешірім сұрады (видео) Жарты сағатта екі бала терезеден құлаған «Жігіттермен тең жүрдік»: Астанада қарттар үйінде тұратын ардагер әжей соғыс жылдарын еске алды (видео) «Ішіңіз таза болсын»: Ерке Есмахан қалай күтінетінін айтты Елорда: LRT құрылысында кран құлады Джиу-джитсудан Жібек Құлымбетова Азия чемпионы атанды Ерлан Қарин Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады TikTok АҚШ үкіметін сотқа берді Қонаевта жүргізуші итті көлігіне байлап, сүйреді Атырауда әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз қамауға алынды