«Салтанат тірі қалар еді»: Меруерт Түсіпбаева Бишімбаевтың бұрынғы әйелін сынады

Аиса Махамбет Редактор
26.04.2024, 13:28
1348
«Салтанат тірі қалар еді»: Меруерт Түсіпбаева Бишімбаевтың бұрынғы әйелін сынады бейнежазбадан алынған кадр

Өнер иесінің айтуынша, Бишімбаевтың бұрынғы әйелі отбасындағы жанайқайын ертерек жеткізгенде тіпті Салтанат тірі қалар еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева істі болып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қахарманды сынға алды. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

Айтуынша, экс-министрдің бұрынғы әйелі Назым Қахарман ел алдына шығып, сұхбат беруі ештеңеге әсер етпейді.

"Бұл әйелді ең бірінші рет теледидардан, Бишімбаевтың мемлекеттен қаржы жымқырды деп күдікке ілінгенінде көрген едім. Сонда, білімділігін бөлек қойғанда, күйеуіне деген адалдығы тәнті еткен еді. Бүкіл әлем қарсы шыққанда, қарлығаштың қанатымен су сепкендей, жан-тәнімен жұбайын, балаларының әкесін, сүйіктісін қорғап, жан ұшырғаны…

Салтанаттың трагедиясынан кейін, әр жерде бір жылтыңдап, сұхбат беріп, өйтіп еді, сөйтіп еді, ал мен мықтымын, тірі қалдым дегендей сайрап...

Алдында қалыптасқан ойымды 100 % өзгертті", –  дейді әнші.

Өнер иесінің айтуынша, Бишімбаевтың бұрынғы әйелі отбасындағы жанайқайын ертерек жеткізгенде тіпті Салтанат  тірі қалар еді.

"Егер, бұл айел   өзі ажырасып жатқан кезеңде, дәл қазіргідей жанайқайын қоғамға жеткізіп ашық айтса ғой, Салтанат тірі болар ма еді, деген ойлар келеді. ”Ақсақ қой түстен кейін маңырай ма?!”. Бояуы сіңгенде, бәлен жыл тұрып, 3 бала туған еркекті жамандағаннан кімге пайда бар?! Ол қандай болса да   балалардың әкесі болып қалады! Күлге аунап тумады ғой. Бұл жайтты өзгерту мүмкін емес! Балаларының тегі, қаны соныкі! Дау өршіп тұрған дәл қазіргі уақытта өз басым  ана ретінде, балаларымның жан тыныштығы үшін, үндемей отырар едім. Әттең-ай. Бұлай танымал болмай-ақ қойсақ",  –  деді әнші  Instagram парақшасында. 

 
Алматыда патрульдік полиция көлігінің үстіне ағаш құлады «Рейхстагқа 8 сағат бойы жер бауырлап жеткен»: Рақымжан Қошқарбаевтың қызы әкесі туралы естелік айтты Су басқан Құлсарының 686 тұрғыны әлі де эвакуациялық пункттерде тұрып жатыр Қанат Бозымбаев Ақмола облысының баспанасыз қалған тұрғындарын тамыз айының ортасына дейін қоныстандыруды тапсырды Қазақстанда жаңа мереке пайда болады Заңгер Ләззат Ахатова Нүкенованың ағасы туралы: “Бұның да қаныпезерлігі Бишімбаевтан кем түспейді” Қызылорда облысында жүк пойызы 11 қойды қағып кетті Путин бесінші рет Ресей президенті қызметіне ресми кірісті Бишімбаев ісі бойынша танылған прокурорлар қазақстандықтарды мерекемен құттықтады "Түсіме кіріп, қайда екенін көрсетті": ШҚО-да табыс табуға кетіп жоғалған ер адамның денесі табылды "Басқа жексұрын емес, Гитлер туралы ойладым": Түсіпбаева Бишімбаевпен ойы бір жерден шыққанын айтты Ақтөбеде ерлі-зайыптылар тірідей өртеніп кетті Тоқаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады Су тасқынының беті қайтып, 50 467 адам үйіне оралды Ташкент көшелерінде робот-полицейлер кезекшілікте жүр Еуропаның курорттық қалаларына ұшақ қатынайтын болды Димаштың концертін тамашалауға әлемнің 77 елінен көрермен барған «Жігіттің 30 жасында ешқандай жетістікке жетпеуі – ұят»: желіде коучтың қыздарға айтқан кеңесі қызу талқыға түсті Ақмола облысындағы балабақшада бүлдіршін қайтыс болды Астаналықтар сұранысқа ие мамандықтарды тегін оқи алады