«Сенен раушанның иісі шығады»: Желі қолданушылары Бишімбаев сотында куәгер болған блогердің сөзінен жасырын мағына тапты (видео)

Аиса Махамбет Редактор
26.04.2024, 15:18
1096
«Сенен раушанның иісі шығады»: Желі қолданушылары Бишімбаев сотында куәгер болған блогердің сөзінен жасырын мағына тапты (видео) бейнежазбадан алынған кадр

Әйелі аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша 23 сәуірдегі сот отырысында блогер Гүлнар Насырбековадан жауап алынды. Оның “сенен раушанның иісі шығады” деген сөзі ағылшын тілінде басқа мән беретіні анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні блогер Бишімбаевқа "Айтпақшы, сенен раушан гүлінің иісі шығады" деп жазған. 

Бұл сөз тіркесіне желі қолданушылары назарын аударып, ағылшын тіліндегі тұрақты тіркестің тікелей аудармасы екенін айтты.  Желіде Ерлан Рахимов атты лингвист бұл фразеологизмнің не мағына білдіретінін айтты.

“Ағылшын тілінде come up smelling like roses деген тұрақты тіркес бар. Ол тура мағынасында “раушанның иісі шығып тұр” деп аударылғанымен, тұрақты тіркес “жағдайдан сүттен ақ, судан таза боп шығу” дегенді білдіреді”, – дейді ол.

Желі қолданушылары да пікір қалдырып, бұл сөздің түрлі мағынасын ұсынды.

"Бұл тіркесті "Дәлелдер жойылды" деген фильмде қаскөй құпиясөз ретінде қолданған”, “Бұл сөз айғақтар жойылды дегенді білдіреді”, “Осы тіркесі арқылы ол айғақтар жойылғанын ескерткен”, “Бишімбаев ағылшын тілін жетік меңгерген, түсінік тұр ғой” деп жазды желідегілер.

Кембридж сөздігінде "come up smelling like roses" тіркесінің мағынасы былай деп көрсетілген.

"Өте қиын және адамды жаман жағдайға қалдыратын сәттен де жақсы болып шығу" деп көрсетіледі, яғни “сүттен ақ, судан таза” болып шығу десек болады.

Бұл тұрақты тіркес көркем фильмдерде кейіпкерлерді сипаттайтын сөз тіркесі ретінде жиі қолданылады. Crying Freeman фильмінде осы тіркес құпиясөз ретінде қолданылыпты. 

«Рейхстагқа 8 сағат бойы жер бауырлап жеткен»: Рақымжан Қошқарбаевтың қызы әкесі туралы естелік айтты Су басқан Құлсарының 686 тұрғыны әлі де эвакуациялық пункттерде тұрып жатыр Қанат Бозымбаев Ақмола облысының баспанасыз қалған тұрғындарын тамыз айының ортасына дейін қоныстандыруды тапсырды Қазақстанда жаңа мереке пайда болады Заңгер Ләззат Ахатова Нүкенованың ағасы туралы: “Бұның да қаныпезерлігі Бишімбаевтан кем түспейді” Қызылорда облысында жүк пойызы 11 қойды қағып кетті Путин бесінші рет Ресей президенті қызметіне ресми кірісті Бишімбаев ісі бойынша танылған прокурорлар қазақстандықтарды мерекемен құттықтады "Түсіме кіріп, қайда екенін көрсетті": ШҚО-да табыс табуға кетіп жоғалған ер адамның денесі табылды "Басқа жексұрын емес, Гитлер туралы ойладым": Түсіпбаева Бишімбаевпен ойы бір жерден шыққанын айтты Ақтөбеде ерлі-зайыптылар тірідей өртеніп кетті Тоқаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады Су тасқынының беті қайтып, 50 467 адам үйіне оралды Ташкент көшелерінде робот-полицейлер кезекшілікте жүр Еуропаның курорттық қалаларына ұшақ қатынайтын болды Димаштың концертін тамашалауға әлемнің 77 елінен көрермен барған «Жігіттің 30 жасында ешқандай жетістікке жетпеуі – ұят»: желіде коучтың қыздарға айтқан кеңесі қызу талқыға түсті Ақмола облысындағы балабақшада бүлдіршін қайтыс болды Астаналықтар сұранысқа ие мамандықтарды тегін оқи алады Қазақстандық дипломаттың әйелі күйеуі 10 жыл бойы азаптағанын мәлімдеді: СІМ жауап берді