«18+ сөздің өзінен ұялатынмын»: актриса Бақытгүл Серікбаева кинодағы ашық сахналары туралы айтты

Аиса Махамбет Редактор
26.04.2024, 17:31
1034
«18+ сөздің өзінен ұялатынмын»: актриса Бақытгүл Серікбаева кинодағы ашық сахналары туралы айтты бейнежазбадан алынған кадр

«Дос-Мұқасан» фильмінде жұмысы туралы ашық айтып, тәрбиеден уайымдағанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актриса Бақытгүл Серікбаева отандық фильмдер арқылы көпшілікке кеңінен таныс. Өнер иесі  «Мамский әңгіме» бағдарламасында  «Қашан туасың?» киносындағы ашық сахналары туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.

«Киноға кастинг директоры шақырды. Сосын кетіп қалдым. Кейін маған хабарласып,  «Ашық сахналар бар» деді.  «Қаншалықты ашық сахна?» деймін ғой.  «Қазір саған сценарий жіберемін» деді. Оқып болдым да, «Мен түсе алмаймын. Кешір мені» дедім.

Сөйтіп Айдын аға аудиожазба жіберді. Осыған дейін ол кісімен  «Дос-Мұқасан» фильмінде жұмыс істеген болатынбыз.  «Бақытгүл, кино сен ойлағандай түсірілмейді. Жазылғандай түсірілмейді. Ол өте эстетикалық тұрғыдан болады. Сондықтан уайымдама. Қорықпа! Сен!» деді. Сонда да мен ойландым. Қорқыныш басым болды. Ондай сахнаға түспегенмін. «Жарайды» деп келісім бердім.

Таң атқанша уайымдап, ұйықтай алмайтынмын. Сол сахналар ғана мені уайымдатты. Қорқыныш кейін келе пайда болды. Тәрбиеден бе, түсініктен бе, қатты уайымдадым. Ашық сахна түгілі, +18 сөздің өзінен ұялатынмын. Осындай тақырыптағы бірінші жобам болғасын, әйел адамның мәселесін, тағдырын көрсету қосылғасын, көзім бақырайып, қатты уайымдадым», - деді Бақытгүл Серікбаева.

«Рейхстагқа 8 сағат бойы жер бауырлап жеткен»: Рақымжан Қошқарбаевтың қызы әкесі туралы естелік айтты Су басқан Құлсарының 686 тұрғыны әлі де эвакуациялық пункттерде тұрып жатыр Қанат Бозымбаев Ақмола облысының баспанасыз қалған тұрғындарын тамыз айының ортасына дейін қоныстандыруды тапсырды Қазақстанда жаңа мереке пайда болады Заңгер Ләззат Ахатова Нүкенованың ағасы туралы: “Бұның да қаныпезерлігі Бишімбаевтан кем түспейді” Қызылорда облысында жүк пойызы 11 қойды қағып кетті Путин бесінші рет Ресей президенті қызметіне ресми кірісті Бишімбаев ісі бойынша танылған прокурорлар қазақстандықтарды мерекемен құттықтады "Түсіме кіріп, қайда екенін көрсетті": ШҚО-да табыс табуға кетіп жоғалған ер адамның денесі табылды "Басқа жексұрын емес, Гитлер туралы ойладым": Түсіпбаева Бишімбаевпен ойы бір жерден шыққанын айтты Ақтөбеде ерлі-зайыптылар тірідей өртеніп кетті Тоқаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады Су тасқынының беті қайтып, 50 467 адам үйіне оралды Ташкент көшелерінде робот-полицейлер кезекшілікте жүр Еуропаның курорттық қалаларына ұшақ қатынайтын болды Димаштың концертін тамашалауға әлемнің 77 елінен көрермен барған «Жігіттің 30 жасында ешқандай жетістікке жетпеуі – ұят»: желіде коучтың қыздарға айтқан кеңесі қызу талқыға түсті Ақмола облысындағы балабақшада бүлдіршін қайтыс болды Астаналықтар сұранысқа ие мамандықтарды тегін оқи алады Қазақстандық дипломаттың әйелі күйеуі 10 жыл бойы азаптағанын мәлімдеді: СІМ жауап берді