«2,5 миллиард теңге»: Ақтөбеде үлескерлер құрылыс компаниясына алданып қалды

26.04.2024, 18:58
223
«2,5 миллиард теңге»: Ақтөбеде үлескерлер құрылыс компаниясына алданып қалды Ақтөбе облыстық прокуратура

2 күдіктіге қатысты қылмыстық іс Ақтөбе қаласының № 2 сотына жолданды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе қаласында прокурорлар үлескерлерді 2,5 млрд теңгеге алдаған құрылыс компаниясының басшыларына қатысты істі тергеп, сотқа жіберді. Бұл туралы облыстық прокуратура жазды.

Ақтөбе облысының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы және 279-бабының 1-бөлігі («Алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру, сондай-ақ құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе талаптарды бұзу») бойынша қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеу облыс прокуроры Халидулла Дәуешовтің жеке бақылауында болған. 

«2019-2023 жылдары Safina тұрғын үй кешенінің басшысы К. және бір серіктестіктің директоры А., Ақтөбе қаласының 12-ші және «Алтын Орда» шағын аудандарында салынып жатқан көпқабатты үйлерден пәтер береміз деген желеумен үлескерлердің 2,5 млрд теңгесін иемденген», – делінген хабарламада. 

Прокуратураның мәліметінше, биыл 25 сәуірде Ақтөбе қаласының прокуратурасы 2 күдіктіге қатысты қылмыстық істі Ақтөбе қаласының № 2 сотына жолдаған. 

Облыстық прокуратура қазақстандықтарға қырағы болып, алаяқтардың айласына түсіп қалмауға шақырады.

Су басқан Құлсарының 686 тұрғыны әлі де эвакуациялық пункттерде тұрып жатыр Қанат Бозымбаев Ақмола облысының баспанасыз қалған тұрғындарын тамыз айының ортасына дейін қоныстандыруды тапсырды Қазақстанда жаңа мереке пайда болады Заңгер Ләззат Ахатова Нүкенованың ағасы туралы: “Бұның да қаныпезерлігі Бишімбаевтан кем түспейді” Қызылорда облысында жүк пойызы 11 қойды қағып кетті Путин бесінші рет Ресей президенті қызметіне ресми кірісті Бишімбаев ісі бойынша танылған прокурорлар қазақстандықтарды мерекемен құттықтады "Түсіме кіріп, қайда екенін көрсетті": ШҚО-да табыс табуға кетіп жоғалған ер адамның денесі табылды "Басқа жексұрын емес, Гитлер туралы ойладым": Түсіпбаева Бишімбаевпен ойы бір жерден шыққанын айтты Ақтөбеде ерлі-зайыптылар тірідей өртеніп кетті Тоқаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады Су тасқынының беті қайтып, 50 467 адам үйіне оралды Ташкент көшелерінде робот-полицейлер кезекшілікте жүр Еуропаның курорттық қалаларына ұшақ қатынайтын болды Димаштың концертін тамашалауға әлемнің 77 елінен көрермен барған «Жігіттің 30 жасында ешқандай жетістікке жетпеуі – ұят»: желіде коучтың қыздарға айтқан кеңесі қызу талқыға түсті Ақмола облысындағы балабақшада бүлдіршін қайтыс болды Астаналықтар сұранысқа ие мамандықтарды тегін оқи алады Қазақстандық дипломаттың әйелі күйеуі 10 жыл бойы азаптағанын мәлімдеді: СІМ жауап берді Тоқаев Сербия астанасы Белградқа барады