Алматыда үш жолаушының өліміне әкеп соққан жол көлік апаты: Айыпталушы бас бостандығынан айырмауды сұрап жылап қалды

Аиса Махамбет Редактор
26.04.2024, 19:37
271
Алматыда үш жолаушының өліміне әкеп соққан жол көлік апаты: Айыпталушы бас бостандығынан айырмауды сұрап жылап қалды бейнежазбадан алынған кадр

Қазір алматылық сотта үш адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік апатына қатысты сот отырысы аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, апат 2023 жылғы желтоқсанда Алматыдағы Райымбек даңғылында болған. Тергеу мәліметтері бойынша, әйел жүргізушімен жанжалдасқан жолаушы оның бетінен екі рет жұдырықпен ұрған, ол есінен танып қалады. Басқарусыз қалған автобус аялдамада тұрған адамдарды қағып кетіп, Алматының үш тұрғыны сол жерде қаза тапты.

Сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы мен жәбірленушілер сөз сөйледі.

Мемлекеттік айыптаушы соттан сотталушы Ахметжановты заңсыз әрекеттері үшін кінәлі деп тануды және оны қылмыстары үшін 8 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. 

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, жасалған қылмыстың бұлтартпас айғақтары бар. Дархан Ахметжановтың қоғамдық көлік жүргізушісі Ермек Шөкебаеваны ұруға құқығы жоқ еді.

"Жүргізуші оның ар-намысына нұқсан келтірілген болса, онда ол дәлелдерімен тиісті органдарға хабарласуы керек еді. Ал сотталушы Ахметжановтың Шөкебаева оны балағаттады деген сөздерінде дәлел жоқ. Шөкебаева тарапынан балағаттау болған жоқ. Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың, мамандардың айғақтарымен, сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен, оқиға болған жерді қараудың хаттамасы мен сызбасымен, айғақтармен, жол-көлік оқиғасының бейнежазбасымен дәлелденеді", – деді прокурор.

Сотталушының өзі бүгін соңғы сөзін айтып, соттан бас бостандығынан айырудан басқа жаза тағайындауды сұрады. Ол үш кәмелетке толмаған баласы бар екенін және сол күні автобус жүргізушісі оның өтініші бойынша есік ашпағанын атап өтті.

“293-бап бойынша “Бұзақылық” жасағанымды мойындаймын. Өкінемін, өрескел қателік жібердім. Өзіме үлкен сабақ алдым. Енді мұндайға жол бермейтініме сенемін, сіздер де сенгеніңізді қалаймын. Бар ойым үйге жету болатын. 

Бұрын-соңды ешқандай жауапкершілікке тартылып, тәртіп бұзған емеспін. Нәпақамды адал еңбекпен тауып жүрген құрылысшымын. Үш ұлдың әкесімін және асыраушысымын. Осыны ескеріп ең минимал жаза тағайындауды сұраймын. Сіз мен қолдайды деп үміттенемін, сот мырза. Бар үмітім Аллада, содан кейін сізде болып отыр”, – деді де айыпталушы көз жасына ерік берді.

Ол қаза болған адамдардың жақындарынан кешірім сұрады.

“Сіздермен бірге менің де жүрегім ауырады, қайғырып көңіл айтамын. Мені айыпты деп ойласаңыздар кешіріңіздер. Ата-анамнан, жарымнан, балаларымнан осындай қиын жағдайда қалдырғаным үшін кешірім сұраймын”, – деп жылады ол.

Бишімбаев ісі бойынша танылған прокурорлар қазақстандықтарды мерекемен құттықтады "Түсіме кіріп, қайда екенін көрсетті": ШҚО-да табыс табуға кетіп жоғалған ер адамның денесі табылды "Басқа жексұрын емес, Гитлер туралы ойладым": Түсіпбаева Бишімбаевпен ойы бір жерден шыққанын айтты Ақтөбеде ерлі-зайыптылар тірідей өртеніп кетті Тоқаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады Су тасқынының беті қайтып, 50 467 адам үйіне оралды Ташкент көшелерінде робот-полицейлер кезекшілікте жүр Еуропаның курорттық қалаларына ұшақ қатынайтын болды Димаштың концертін тамашалауға әлемнің 77 елінен көрермен барған «Жігіттің 30 жасында ешқандай жетістікке жетпеуі – ұят»: желіде коучтың қыздарға айтқан кеңесі қызу талқыға түсті Ақмола облысындағы балабақшада бүлдіршін қайтыс болды Астаналықтар сұранысқа ие мамандықтарды тегін оқи алады Қазақстандық дипломаттың әйелі күйеуі 10 жыл бойы азаптағанын мәлімдеді: СІМ жауап берді Тоқаев Сербия астанасы Белградқа барады Ақтөбеде тасқыннан жапа шеккен 268 отбасының материалдық шығыны төленді "6-сыныпта өзіме көйлек тіктім": Айжан Нұрмағамбетова балалық шағын есіне алды Елордада Run for Autism қайырымдылық жарысы өтеді Жаңа адамдар оқу орындарда су тасқынынан зардап шеккендерге көмек беру орталықтарын ашты. Бразилияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 78 адамға жетті Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарады