Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда 12,6 триллион теңгеге жеткен

15.03.2024, 13:52
827
Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда 12,6 триллион теңгеге жеткен Depositphotos.com

Әрине, Ресей билігінің бүгінгі таңдағы әрекеттерін ұнатпайтындар біздің елімізде де жетіп артылады. Дегенмен мемлекетаралық қатынастар оған қарамайтыны түсінікті.

Екі елдің арасында игіліктер алмасу, саяси қатынастарды ұстап отыру, нарықты ұлғайту сынды араласу тоқтаған емес. Сондықтан қаласақ та, қаламасақ та Ресеймен ішек-шабағымыз араласып кеткен. Тіпті жылдан-жылға экономикалық байланыс артып та келеді. Себебі екі жақтың экономикасы бір-бірімен араласуға мүдделі. Әлемдегі бүкіл экономикалар мидай араласудың арқасында ғана дамып отыр. Жалғыз жортқан ешкім жоқ. Қазақстан да әлемнің көптеген елдерімен, соның ішінде көрші мемлекеттермен экономикалық қатынастарды үнемі алға жылжытып отыруға мүдделі. Себебі айналадағылардың бәріне пайдалы нарық ортасы деп қарау – экономиканың бұлжымас заңы екені тағы бар. 

Қалай болғанда да бүйіріміздегі Ресей біздің еліміз үшін сыртқы саудадағы  нөмірі бірінші серіктес болып келеді, қазір де сол қалпы дық тимеген күйде. Дүйсенбі күні Мәскеуде Қазақстан мен Ресейдің үкімет басшылары деңгейіндегі кездесуі өткен екен. Сол жерде екі ел арасындағы экономикалық байланыстар жан-жақты ортаға салыныпты. Қарап отырсаңыз, екі жақтың алыс-беріс көлемі орасан ауқымды екенін көріп таң қаласыз. Өзі соғысып жатқан көрші ел мұншама игілікті қалай өндіріп, қалай экспорттап жатыр деген ойда қаласыз. 

2023 жылы екі ел арасындағы сауда-саттық 2,5 триллион рубльді немесе 12,6 триллион теңгені құрап, бұрнағы жылдың межесінен асып түсіпті. Ал Ресейдің Қазақстан экономикасына салған инвестициясы 1,5 триллион рубльге барған. Алдағы бірер жылда Ресей біздің елімізде салынатын  көмірмен істейтін жылу электр станцияларын қаржыландырмақ, «Газпром» мұнай компаниясы болса біздегі бірқатар аймақты газдандыруға ниетті екен.

Қазақстанның Еуразиялық экономикалық қауымдастық елдерімен бүкіл сауда қатынасының 90 пайызы өткен жылы Ресеймен алыс-беріске тиесілі болып шыққан. Біздің еліміз Ресейге 9,8 миллиард доллардың 31,9 миллион тонна тауарын экспорттапты. Соның ішінде Ресейге көбірек сатылған нәрселер қазба өнімдері мен концентраттар, уран, алтын, автомобильдер, жүк көліктері, тракторлар және автобустар.

Ресейден келетін өнім түрлері 2023 жылы оның алдындағы жылмен салыстырғанда 9,4 пайызға кеміген. Соның өзінде былтыр Ресейден бізге 16,2 миллиард доллардың өнімдері импортталған. Негізінен бізге қара түсті металл мен сол металлдан жасалған өнімдер, желім мен желім бұйымдар, мұнайдан ажыратылған газ бен жеңіл дистилляттар, локомотивтер мен вагондар, жол жабдықтары келіп жатыр. Бұдан бөлек, Ресейден бидай мен сұлы және басқа дәнді дақылдарды аламыз.

Екі ел жуық арада тауар айналымын 30 миллиард долларға жеткізуді мақсат етіп отыр. Ресей үкімет басшысының сөзіне қарағанда, екі ортадағы өнеркәсіпте, автомобиль құрылысында, энергетикада, мұнай-химияда, көлік инфрақұрылымында және сандық технологияларда ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Шекарамыз 7,5 мың шақырымға созылады, екі елдің аумағынан Еуразияның маңызды транзиттік бағыттары өтеді. Ресей жағы «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізіне, соның ішіндегі шығыс транскаспий бағытына аса мән беретіні айтылды. Осы дәліз келе-келе Еуразия аймағындағы барлық елдер үшін көлік қатынасының күре тамырына айналатын көрінеді. 

Қазақстан үкімет басшысының сөзінше, екі елдің компаниялары 26,5 миллиард доллардың 135 жобасын жүзеге асырып жатыр. Оған қосымша тағы 14 миллиард доллардың машина жасау, металлургия және химия өнеркәсібі бойынша 67 бірлескен жобасы жасалу үстінде. Ресейдің капиталы салынған Қазақстандағы кәсіпорындардың саны 18 мыңға жеткен көрінеді. Бұдан бөлек 4 мың бірлескен кәсіпорын да жұмыс істейді. Қазақстан мен Ресей арасындағы инвестицияның жиынтығында 33,5 миллиард доллардың 143 жобасы бар деп жатыр. 

Ресей Қазақстанның үш өңіріне көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станцияларын салатын болып келісілген. Ондай станциялар Көкшетауда, Семейде және Өскеменде салынады. Құрылыстың қаржы шығынын Ресей өз мойнына алған. Олар инвестициялардың есебінен саламыз деп отыр. Құрылысқа шамамен 2,7 миллиард доллар керек. Құрылыстардың жобасын Қазақстанның «Самұрық-Энерго»  компаниясы мен Ресейдің «Интер РАО» компаниясы жүзеге асырмақ. Көмірмен істейтін жылу-энергетикалық станциялар келе-келе газға ауыстырылады екен. Ия, бізде жылу проблемасы бар, кеңес заманынан қалған ескі жылу электр станцияларының тозығы жетіп, құр сүлдері қалған.

Келешекте Қазақстанда атом электр станциясы салынуы және Ресейдің газын сатып алуымыз да мүмкін деп жатыр.

Рэпер Jah Khalib зорлық туралы сөздері үшін Молдовадағы фестивальде өнер көрсетпейтін болды «Сүріндім деп жасыма»: Қайрат Нұртастың жазбасы елді ойландырып қойды Қазір басым бос: Танымал актриса өзіне қандай жігіттер ұнайтынын айтты Оралда бастауыш сынып мұғалімін өлтіріп кетті: күдікті ұсталды «Делай, н***!»: Қайрат Нұртас жабық клубта бейәдеп сөз қолданды (ВИДЕО) «Тоқал десе, тік тұрады»: Талғат Жорабаевтың әйелі тоқал алғысы келетін еркектерге қарсы Ұйғыр ауданында ұлтараздықты тудырған зейнеткерге сот үкім шығарды Тәуекел Мүсілім әкесінің туған жерінде ас берді Жамбыл облысында интернатта жоғарғы сынып оқушысы 14 жасар ұлды зорлаған «Қызметтік көлікте жыныстық қатынасқа түскен»: СҚО-да шулы видеодан соң полицей жұмыстан кетті (ВИДЕО) «Ұлан екеумізді бірге көрмейсіздер»: Балжан Бидаш футболшыға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады «Баламды соттай ма деп қорқамын»: 28 жылдан соң ұлымен қауышқан ана оқиға туралы айтты «Алматы-бақша қаласы»: танымал актриса атаулы алма ағашын отырғызды Жолаушылар вагоны жаңаларына ауыстырылды Орталық спорт клубының спортшылары Париж олимпиадасына 9 жолдама ұтып алды Салтанат Нүкенованың ағасы көпшілікті алаяқтардан сақ болуға шақырды Балағат сөздер айтқан: «Ақтөбе» жанкүйерлері жауапкершілікке тартылды Ерлан Қарин: Елтаңбаны өзгерту – Президенттің ұсынысы емес Қар мен бұршақ: Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды Абай облысында маньяк жүргені рас па? Полиция жауап берді