«Аңғал деп ойлаушы едім»: танымал тележүргізуші әнші Шаһизаданың пікірінен кейін жазба жариялады (фото, видео)

Аиса Махамбет Редактор
28.03.2024, 18:30
4338
«Аңғал деп ойлаушы едім»: танымал тележүргізуші әнші Шаһизаданың пікірінен кейін жазба жариялады (фото, видео) бейнежазбадан алынған кадр

«Жыртық» көйлектің дауы ұзаққа созылып кеткенге ұқсайды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, осыдан бірнеше күн бұрын тележүргізуші Жазира Бегалы отандық әнші Шаһизаданың дүкенінен жеңілдікпен алған көйлектің «жыртық» боп шыққанын айтқан болатын. Дауға қатысты әншінің пікірінен соң тележүргізуші Facebook-тағы парақшасында жазба жариялады.

"Мына әнші Шахизада мені бұғаттап тастап, жыртық көйлегін қайтарып берді деп жазба жазыпты. "Жыртық көйлекті тіктіріп кие салмады" деп, өкпесі қара қазандай болып жатыр екен. "Астарлы ақиқатта" осы кісіге жаным ашыған. Өнер адамы аңғал, адал деп ойлаушы едім.

Бұл әнші нағыз хайп қуып жүрген, жыртық киімді "жаңа" деп беті бүлк етпей сататын леди екен. Құдай сақтасын! Мына жазбасын оқып, жағамды таппай қалдым. Ұят-ай!

Әнші "Оқырман жинады" деп уайымдамасын. Менің парақшам өтірік айтатын, ұятсыз , алаяқ, сөз төркінін түсінбейтін, әдепсіз пікір жазатын адамдардың ішін пыстырады.

Құдайға шүкір, әлеуметтік желідегі парақшама бұрыннан мені танитын, құқығын қорғауды білетін, мәдениетті жандар тіркелген . Жыртық көйлек дауынан кейін олардың қатары көбейіп немесе азайған жоқ. Қоқысқа тастайтын көйлегін тегін берсе де кимеймін. Аулақ жүремін. Негізі бұл саудагер тұтынушы құқығын оқып алсын", – деп жазды Жазира Бегалы.

Еске сала кетейік, бұған дейін тележүргізуші Жазира Бегалы балаларының өзіне сыйлық жасау үшін әнші Шаһизаданың дүкенінен көйлек алғанын, алайда оның "жыртық" боп шыққанын айтқан болатын.

Тележүргізушінің жазбасынан кейін әнші Шаһизада дүкенінде сатылған көйлек дауына қатысты пікір білдірді.

"Киімдердің бәрі өте сапалы, өзім киіп жүрген киімдер. Жақсы киім екенін айта аламын. Мына көйлек туралы "жыртық" деген айқай-шу боп жатыр екен. Күніне неше әйел киіп көреді. Толық та, арық та адамдар киеді. "Сізге тар болады" десең де, қарамай киіп көреді. Жазира ханымды жақсы танымайды екенмін. Мына 50 мың теңгенің көйлегін, 20 мың теңгеге алыпты. Бізде жеңілдікте тұрған, бір түйір қалған көйлектер. "Жыртық" деп, әлеуметтік желіге салыпты. Бұл ешқандай жыртық емес. Мына жері кішкентай сөгілген болар. Қараңыздар, әп-әдемі. 20 мың теңгеге не үшін түсіп тұр? 2-3 мың теңгеге жөндете салуға болады. Бұл киілмеген әдемі көйлек.

Мен жыртық көйлек сататын ақымақ адам емес шығармын. Бүкіл Қазақстанға әйгілі адаммын ғой. Жыртық деген сөзге намыстандым. Жыртық ештеңесі жоқ. Кез келген киім сөгіледі. Өйткені, ол - шүберек. Бұл әдемі көйлек. Тек толықтау әйел кигенде, арты кішкене сөгілген. Соны жыртық деп әлемге жайып жіберген бе? Түсінем, контент керек. Біреулердің арқасында нан тауып, әлеуметтік желісін байытатын, пікір жинайтын сондай парақшаға түсіп қалған екенбіз. Кешірім сұраймыз. Мен кешірім сұрадым, сонда да ренжіп қалған көрінеді", – деген болатын Шаһизада.

Жолаушылар вагоны жаңаларына ауыстырылды Орталық спорт клубының спортшылары Париж олимпиадасына 9 жолдама ұтып алды Салтанат Нүкенованың ағасы көпшілікті алаяқтардан сақ болуға шақырды Балағат сөздер айтқан: «Ақтөбе» жанкүйерлері жауапкершілікке тартылды Ерлан Қарин: Елтаңбаны өзгерту – Президенттің ұсынысы емес Қар мен бұршақ: Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды Абай облысында маньяк жүргені рас па? Полиция жауап берді 50 мыңнан аса қазақстандық Бишімбаевтың туыстарының мүлкін тәркілеу туралы петицияға қол қойған «Өмірдің бәрі қаланың сыртында екен ғой»: Бақыт Шадаева ауылға көшуіне не себеп болғанын айтты Қазақстан Республикасының аумағына тауық жұмыртқаларын автомобиль көлігімен әкелуге уақытша тыйым салынды «10 млн теңгеден астам ақша алған»: Семейде жолсеріктерді бопсалаған блогер сотталды «Көп жыладым»: Мөлдір Әуелбекова жан сырын ақтарды (видео) Чернобыль трагедиясының құрбандарына: Астанада ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті «Мейрамхана безендіру құны – 2 миллион теңге»: Серік Ибрагимов ұлына сүндет той жасады Медициналық қызметтер халық үшін қолжетімді болады: денсаулық сақтау министрлігі тарифтерді қайта есептеді «Ұнамсыз әрекетінен кейін жұмысты тоқтаттым»: Айсәуле Бақытбек қыз зорлағаны үшін сотталған фотографқа қатысты пікір білдірді «Арабқа күйеуге шығып кетпеңдер»: Құралай Нұрқаділованың анасымен әзілдескені жұртты сүйсінтті «Ілияс әлемі» атты оқу-танымдық сайты ашылды «Сізден үлгі алу керек»: актриса Әсел Асқар әкесіне бренд сыйлық тарту етті (видео) «Марапатқа ие болды»: әнші Ділназ Ахмадиева қуанышты жаңалығын бөлісті