Газа секторындағы жалғыз Қазақстандық волонтер

09.04.2024, 13:16
488
Газа секторындағы жалғыз Қазақстандық волонтер Перизат Қайраттың жеке архивінен

«Biz Birgemiz» қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайрат 15 наурыз күні Газа секторында болып жатқан жайтты өз көзімен көріп қайтты.

Еске салсақ, 2023 жылдың 11 маусым күні Хамастың Израильге жасаған соққысынан соң, екі ел арасында адам шығыны күрт өсті. Бүгінде қаза тапқан палестиналықтар саны 33 мыңнан асты.

«Biz Birgemiz» қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайрат 15 наурыз күні Газа секторында болып жатқан жайтты өз көзімен көріп қайтты, оның айтуы бойынша:

«Газа секторына баратын волонтерлар арнайы Халықаралық оқу мен тәжірибиеден өтіп, бірінші медициналық көмек көрсетуді, дұрыс отын жағу мен төтенше жағдайда қандай әрекет жасау керектігін үйреніп, арнайы медициналық және психологиялық тесттен өтіп, Палестиналықтарға көмек беруге аттандық», - дейді.

Сондай-ақ волонтерлар бірнеше елдің келісімімен қорғауда болған екен. Ерікті ретінде келушілердің басым көпшілігі ер азаматтар, олар Катар, Кувейт, Египеттен, ал Азия елдерінен тек 1 ғана ерікті-қазақ қызы болған екен. Перизат Қайраттың айтуы бойынша: 

"Біріккен Араб Әмірлігі Рамазан айында Газа секторына көмек қолын созу үшін өте тиянақты дайындалған, ал Қазақстаннан «Biz Birgemiz» қайырымдылық қоры - жалғыз болып Газа секторына жәрдем беру мақсатында меморандумға қол қойған ұйым. Меморандумға қол қойған соң, еріктілер өз қауіпсіздіктері үшін арнайы 2 ай оқу-жаттығудан өткен, араб тілінде, ағылшын тілінде ең қажетті деген сөздерді жаттап, өз ағзаларын шөл мен аштыққа үйретіп, 500 мл суды 24 сағатқа жеткізуді үйренген", - екен. 

"Қазақстан атынан тек ыстық тамақ жағынан көмек болса, Біріккен Араб Әмірлігі тасымалдау жағын қамтамасыз етіп отырған".

Еріктілердің  Палестинаға көмек көрсетуі кезінде Израильдің қойған шарты бойынша  Египеттен-Газа секторына 48 гуманитарлық көмек тиілген ауыр жүк көліктерін бірнеше сағатта кіргізіп үлгерулері керек болған. Перизат Қайрат өзінің Инстаграмм желісінде Палестиналықтардың күнделікті өмірінің қалай өтетіндігі қысқаша баяндап былай дейді:

1.Үлкендер мен жасөспірімдердің ораза ұстауы.
2.Ұйқыдан ояну
3.Гуманитарлық көмек жетіп жатса, балапандарға таңғы ас.
4.Сосын, тірі адамдарды іздеу немесе қаза тапқан жандардың денесін жерлеу рәсімі – деп суреттейді.

Еріктілерге берілген мәліметте соңғы 40 күнде 2000 бала аштық пен суықтан тіл тартпай кеткен, сол себепті үлкендер өз ыстық тамақтарынан бас тартып, балаларына беріп жатыр. Еске сала кетсек, наурыз айында «Газаға жіберілген көмек жәшіктері бейбіт тұрғындарға құлады» деген жаңалықтар тараған болатын. Газа секторына көмек тасымалдаған ұшақтар түсірген гуманитарлық көмек жәшіктерінің парашюттері ашылмауы және аймақта көмек күткен палестиналықтардың үстіне құлауы салдарынан 5 адам қаза тапты. Куәгерлердің айтуынша, ұшақтардан түсірілген кейбір гуманитарлық көмек жәшіктерінің парашюттері ашылмай, көмектің қонуын күтіп тұрған палестиналықтардың үстіне құлаған.

Халықаралық еріктілердің кеңесімен Газа секторына көптеп күнбағыс майы мен қаймақ қосылған ірімшік таяқшаларын алып кіруге тура келген, себебі, Газада азық-түлік бағасы аспандап кеткен. Өсімдік майының литрі бұрын 4 фунт стерлинг болса, қазір 13 фунт стерлинг тұрады. Пияз 50, ал асжапырақ 25 есе қымбаттаған. Бұл туралы британдық гуманитарлық ұйым сарапшылары мәлімдеді. Олар «бұл халықты екі есе шығынға ұшыратып отыр» дейді. Армия ешқандай медициналық препараттарды шегара шеңберінен ары асырмай отыр. Күнбағыс майын жаңа туған аналар мен балаларының еміне пайдаланса, қаймақ қосылған ірімшік таяқшаларын жаңа туған нәрестелердің еріндеріне  жағып жатыр, себебі, аналары 3 күнде 1 рет қана тамақтанады.         

Перизат Қайраттың айтуы бойынша: 

"Сингапур Примеьер Министрі арнайы келіп, еріктілерге қолдау көрсетіп, гуманитарлық көмек таратқан, бұл жайлы жергілікті аймақтағы журналистер ешқандай бұрмалаусыз инстаграмм парақшаларында таратып отыр, Халықаралық БАҚ мүлдем үндемеді»-дейді. «Рафах пен Газада қызмет етіп жатқан еріктілердің 70% БАӘ азаматтары. Әзірге жетім қалған 2000 нан астам баланы асырап алған да тек солар. Халықаралық БАҚ барынша Арабтарды жаман етіп көрсеткісі келеді, олар көмектеспейді-деп қаралаулары еш негізсіз, 5 ай бойы 5000 астам БАӘ еріктілері демалыссыз Палестиналықтарға өз көмектерін аямай келеді", - деп өз оқырмандарына үндеу жасады.

Барлық гуманитарлық көмекті табыстап елге оралған Перизат Қайратқа Қазақстандағы Палестина елінің елшісі алғыс хат табыстап, халқымызға мол ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Перизат Қайраттың елге оралғаннан кейінгі өмірінде орын алған өзгерістермен таңдана бөлісті: 

"Әуежайда барлығы менімен амандасып, өз ризашылықтарын білідіріп, кезексіз өткізіп жатты, тіптен, ұшақ ішінде барлығы суретке түсу үшін кезекке тұрып, маған таңдана қарай бастады. Алматы қаласына келгенімде, студенттер құшақтап, өз блогтары үшін сұхбат алды және бұның барлығы тек 7 сағат ішінде болған оқиға ғана. Қаншама жыдар бойы ауқымды жобалар алып келсемде, халықтың мұндай сүйіспеншілігіне бөленген емеспін", - деп үлкен алғысын білдірді.

Қазіргі таңда Перизат Қайрат еліміздің су басып қалған бірнеше аймағында ерікті болып гуманитарлық көмек көрсету шарасын ұйымдастырып жатыр.

Автор: Дина Ғалымжанқызы


«Арзан үйлер көп»: Төреғалидің қарындасы Дубайға көшетін ойы барын айтты «Ол орталықтың қызметкері емес»: Әділет министрлігі мәйіттерді зорлаған күзетшіге қатысты пікір білдірді «1 күн уақыт береміз»: Жазира Байырбекова өзін қайтыс болды деп ақпарат таратқандарды сотқа бермек Белгілі әнші Саят Медеуов сотталғандар алдында өнер көрсетті Қазір мүмкін емес – Құспан Бишімбаев жазадан Назарбаевтан кешірім алғандай құтыла алмайтынын айтты «Қазақстан Ресейге бағынышты ел»: Жұлдыз Әбдікәрімова қан майданға қатысты жанайқайын айтты «Көп ақшаның дәмін таттық»: Олжас Абай Қайрат Нұртаспен араласпай кеткенін айтты Бишімбаевтан кейінгі сот процестері YouTube-та тікелей көрсетіле ме – Әділет министрлігінің жауабы «Сасып қалдым»: Ләйлә Сұлтанқызы ыңғайсыз жағдайға тап болғанын айтты (ФОТО) «Елге қайтатын уақыт келді»: шетелде оқып жатқан Айгүл Иманбаева жақсы жаңалығын жария етті (фото) Шымкентте сәбиінің өлі денесін қорапқа салып, тастап кеткен ана ұсталды Қазақстандағы телефон алаяқтығы: проблема және шешу жолдары Шавкат Рахмонов әлемнің үздік 20 файтерінің тізіміне енді Сот Бишімбаевқа үкім шығаратын алқабилерге сұрақтарды дайындап жатыр Бірнеше өңірде ескерту жарияланды: 10 мамырға арналған ауа райы болжамы Украина билігі де түрмеде жазасын өтеушілерді соғысқа жібермек Украина президенті Владимир Зеленскийді өз күзетшілері өлтірмек болды «Назарбаев мені көтерді де, тастады да»: генерал Ертаев атышулы қару сату ісі жайлы құпияларды айтты (видео) «Ресей Кенесары ханның бас сүйегін қайтармайды» — тарихшы Жамбыл Артықбаев Гүлмира Сатыбалдының тағы бір ісі бойынша сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды