«Дөнер әпер деген»: спорт мектебінде көз жұмған балаға қатысты тың ақпарат шықты

16.04.2024, 10:41
2882
«Дөнер әпер деген»: спорт мектебінде көз жұмған балаға қатысты тың ақпарат шықты Getty Images

Ақтөбедегі спорт мектебінде қайтыс болған жасөспірімнің әкесі Қайрат Қайназаров Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында ұлы әлімжеттіктің құрбаны болғанын мәлімдеді.

Қыршыннан қиылған 14 жастағы Бексұлтан Әбубәкірдің денесі жер қойнына тапсырылды. Марқұмның әкесі «баламның ажалы адамнан болд» дейді.

Балам Бексұлтан – егіздің сыңары. Бес қыздан кейін Алладан сұрап алған ұлдарым. Егіздерім Бексұлтан мен Ерсұлтан спорт мектебінде бірге оқиды. Екеуі де еркін күрестен спорт шеберіне кандидат. 2022 жылы Есет батыр атындағы спорт мектеп-интернатына қабылданған. Бұл мекеме олимпиадалық резервте, балалар жатып оқиды, – дейді Қайрат Қайназаров.

Қайғылы оқиға 11 сәуірде болған.

Сағат кешкі 18:00-ден кейін жатақханадағы барлық қызметкер жұмысынан кеткен. Оқушылар тәрбиешілер кеткен соң өз шаруасына кіріскен. Жоғарғы сыныптың оқушылары, 10-сынып, 9-сынып, колледждің балалары бәрі жиналып, 10 баланы бөлмеге кіргізіп алып әлімжеттік көрсеткен. Сондағысы бұлардан дөнерге ақша талап еткен, бұлар бермеген. Сол жерде соққыға жыққан, - дейді Қайрат Қайназаров.

Бексұлтан өмірден озар күні анасы алысқа жолға шыққан. Алға басқан аяғы кері кетіп, әбден әбігер болған. Бірақ ана жүрегі баласынан айрылатынын сезбеген.

Барлық 10 баладан кеше полицияда сұрақ алынды. Балам соққыдан қайтыс болды, ал ғаламторда айтылған басқа ақпараттардың барлығы жалған. Соққы баламның жүрегіне тиген, тіземен жүрегінен тепкен, сарапшы тамыры жарылып кеткен деді, - дейді марқұмның әкесі.

Оның айтуынша, бала жатақханада өлген. Жедел жәрдем келгенше жүріп кеткен.

Бексұлтанның бауыры Ерсұлтан да бірге таяқ жеген. Бауыры дәл көз алдында құлаған.

«Ерсұлтанның жағдайы қазір нашар. Бәрі көз алдында болған. Баламның психикасы аяқасты бұзылып, ауырып жатыр. Ұрған балалар, қасында тұрған балалар, тәрбиеші, директор, бәрі өз жазасын алсын. Бұл әлімжеттік 10 күнде бола қойған дүние емес, бұрыннан келе жатқан, қалыптасқан жүйе», - дейді қайғыдан қан жұтқан әке.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің мәліметінше денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ спорт мектебінің қызметкерлеріне қатысты мiндеттерiне адал қарамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

«Алладан аян келген»: Түркістан тұрғыны әпкесімен бірге Меккеге велосипедпен аттанды "Басымызға бәле болып төнді сол". Дариға Бадықова "күзетпен жүр" деп сынағандарға жауап қатты Сахнада балағат сөз айтқан Қайрат Нұртас бөлімшеге жеткізілді "Сайқымазақ Қоянбаев айтыпты": өнерпаз өкпесін айтты Электронды цифрлы қолтаңба өзгеретін болды Бектенов Атырау облысы басшылығының алдына қала мен елді мекендерді тасқын судан барынша қорғау міндетін қойды "Оның қамқорлығы – ең керемет сыйлық": Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісін көрсетті Алматыда қызды пышақпен қорқытып зорлаған бар күзетшісі сотталды Ақмола облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды Әзербайжан мен Армения Алматыда келіссөз өткізеді – СІМ Қуандық Бишімбаевтің туыс інісіне тағылған айып өзгеруі мүмкін Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды Солтүстік Қазақстанда бір үйдің екі баласы өз-өзіне қол салды «Астана-Сеул» әуе рейсі қайта жанданады Алматыда мәйітхана күзетшісі қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді Қазақстанда 2030 жылға дейін сұранысқа ие 25 мамандық қандай «Хат қалдырған»: Түркістан облысында полиция майоры өз-өзіне қол жұмсады Қазақстан тұрмыстық техниканы Қытай және Оңтүстік Кореямен бірлесіп шығарады "Алланы әбден мазақ етті": Тойда жар-жар орнына сүремен шыққан жас жұбайлар елден оңбай сөз естіді "Қуандық та Салтанатты әдейі өлтіруге себеп болған жоқ": Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы алғаш рет сұхбат берді