Президент Қостанай облысының кәсіпкерлерімен және еріктілерімен кездесті

16.04.2024, 20:07
143
Президент Қостанай облысының кәсіпкерлерімен және еріктілерімен кездесті Ақорда

Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары барысында су тасқыны салдарын еңсеруге жәрдемдескен бизнес өкілдерімен және еріктілермен жүздесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Кездесуге өңірдегі машина жасау, тау-кен, тамақ және ауыл шаруашылығы өнеркәсібі салаларының жетекшілері, Қазақстан халқы Ассамблеясының жергілікті өкілдері, облыстық жастар ресурстық орталығының еріктілері және студенттер қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнеске қолдау көрсету басты міндет екенін атап өтті.

– Осы кездесуге біраз меценат қатысып отыр. Мен сіздерге ризашылығымды білдіремін. Бұл – сіздердің жүрек қалауларыңыз, азаматтық жауапкершіліктеріңіздің көрінісі. Мұның бәрін марапат үшін емес, шынайы ниетпен жасалған игі іс деп білемін, – деді Президент.
Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен халыққа нақты көмек көрсету ісінде бизнесмендердің рөлі зор екеніне айрықша назар аударды.

– Біздің елімізде Forbes тізіміне кіретін ірі кәсіпкерлер бар. Олармен арнайы кездесеміз. Олар әр облысқа, ауданға, елді мекенге бекітіледі және нақты жауапкершілік жүктеледі. Бұл бір жағынан кәсіпкерлердің мүддесіне сай келеді. Өйткені олар өздерінің қосқан үлесінің нақты нәтижесін көретін болады. Халқына қайырымдылық жасаған азамат ретінде Сіздердің де есімдеріңіз мемлекет тарапынан елеусіз қалмайды деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент еріктілерге зор құрметпен қарайтынын және жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтіп, оларға ризашылық білдірді.

«Алладан аян келген»: Түркістан тұрғыны әпкесімен бірге Меккеге велосипедпен аттанды "Басымызға бәле болып төнді сол". Дариға Бадықова "күзетпен жүр" деп сынағандарға жауап қатты Сахнада балағат сөз айтқан Қайрат Нұртас бөлімшеге жеткізілді "Сайқымазақ Қоянбаев айтыпты": өнерпаз өкпесін айтты Электронды цифрлы қолтаңба өзгеретін болды Бектенов Атырау облысы басшылығының алдына қала мен елді мекендерді тасқын судан барынша қорғау міндетін қойды "Оның қамқорлығы – ең керемет сыйлық": Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісін көрсетті Алматыда қызды пышақпен қорқытып зорлаған бар күзетшісі сотталды Ақмола облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды Әзербайжан мен Армения Алматыда келіссөз өткізеді – СІМ Қуандық Бишімбаевтің туыс інісіне тағылған айып өзгеруі мүмкін Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды Солтүстік Қазақстанда бір үйдің екі баласы өз-өзіне қол салды «Астана-Сеул» әуе рейсі қайта жанданады Алматыда мәйітхана күзетшісі қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді Қазақстанда 2030 жылға дейін сұранысқа ие 25 мамандық қандай «Хат қалдырған»: Түркістан облысында полиция майоры өз-өзіне қол жұмсады Қазақстан тұрмыстық техниканы Қытай және Оңтүстік Кореямен бірлесіп шығарады "Алланы әбден мазақ етті": Тойда жар-жар орнына сүремен шыққан жас жұбайлар елден оңбай сөз естіді "Қуандық та Салтанатты әдейі өлтіруге себеп болған жоқ": Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы алғаш рет сұхбат берді