«Бауыздап, кейін пәтерді өртеген»: Ақтауда әйелін өлтірген ер адам ұсталды

17.04.2024, 09:53
439
«Бауыздап, кейін пәтерді өртеген»: Ақтауда әйелін өлтірген ер адам ұсталды lada.kz

Ақтауда 14-шағын ауданда өртеніп жатқан пәтерден 52 жастағы әйелдің денесі табылды.

Көршілерінің айтуынша, азаматтық некедегі жұбайы әйелді бауыздап өлтіріп, кейін қылмысын жасыру үшін пәтерді өртеген.

Lada.kz хабарлауынша, оқиға 16 сәуір күні түнде болған. Көршілердің айтуынша, көз жұмған әйелдің аты Парахат болған. Ол тоғыз қабатты үйдің екінші қабатында тұрған. Оқиғадан соң онымен бірге тұрған ер адам ұсталған.

«Біз бәріміз таңғы сағат 05:10-да сыртқа шықтық. Бұл кезде полиция да, өрт сөндірушілер де келді. Құтқарушыларды көршісі шақырған. Білуімше, оны өлтірген адамды полиция 9-қабаттан ұстаған», – деді марқұмның көршілерінің бірі.

Үй тұрғындарының айтуынша, ер адам алдымен әйелді бауыздап, кейін пәтерін өртеуге тырысқан.

«Өрт сөндірушілер тез келіп, сөндірді. Мен кездейсоқ полицейдің қолынан марқұмның суретін көріп қалдым. Ол дәлізде еденде жалаңаш етпетінен жатыр. Қорқынышты, өте қорқынышты», – деді көршілердің бірі.

Полиция департаменті жағдайға түсініктеме берді.

«Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді» , – деді департаменттің баспасөз қызметі.

"Басымызға бәле болып төнді сол". Дариға Бадықова "күзетпен жүр" деп сынағандарға жауап қатты Сахнада балағат сөз айтқан Қайрат Нұртас бөлімшеге жеткізілді «Алладан аян келген»: Түркістан тұрғыны әпкесімен бірге Меккеге велосипедпен аттанды "Сайқымазақ Қоянбаев айтыпты": өнерпаз өкпесін айтты Электронды цифрлы қолтаңба өзгеретін болды Бектенов Атырау облысы басшылығының алдына қала мен елді мекендерді тасқын судан барынша қорғау міндетін қойды "Оның қамқорлығы – ең керемет сыйлық": Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісін көрсетті Алматыда қызды пышақпен қорқытып зорлаған бар күзетшісі сотталды Ақмола облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды Әзербайжан мен Армения Алматыда келіссөз өткізеді – СІМ Қуандық Бишімбаевтің туыс інісіне тағылған айып өзгеруі мүмкін Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды Солтүстік Қазақстанда бір үйдің екі баласы өз-өзіне қол салды «Астана-Сеул» әуе рейсі қайта жанданады Алматыда мәйітхана күзетшісі қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді Қазақстанда 2030 жылға дейін сұранысқа ие 25 мамандық қандай «Хат қалдырған»: Түркістан облысында полиция майоры өз-өзіне қол жұмсады Қазақстан тұрмыстық техниканы Қытай және Оңтүстік Кореямен бірлесіп шығарады "Алланы әбден мазақ етті": Тойда жар-жар орнына сүремен шыққан жас жұбайлар елден оңбай сөз естіді "Қуандық та Салтанатты әдейі өлтіруге себеп болған жоқ": Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы алғаш рет сұхбат берді