Су қоймаcын салу керек – депутат Берік Бейсенғалиев

22.04.2024, 18:36
207
Су қоймаcын салу керек – депутат Берік Бейсенғалиев ТЖМ

Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев су тасқыны салдарын жою бойынша мәселелерді көтеріп, оның шешу жолдарын атап, Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевқа депутаттық сауалнама жолдады.

"Бүгінгі күні Қазақстанның көптеген өңірлеріндегі су тасқынына байланысты төтенше жағдай ешкімді бейжай қалдырып отырған жоқ. Қарапайым халық баспана, мал-мүлкінен айырылып, инфрақұрылым, байланыс нысандары істен шығып, әлеуметтік жағдай ушығып кетті. 

Тасқын салдарын жою бойынша жұмыстарды Президент Қасым-Жомарт  Тоқаев өз бақылауына алып, тіпті су басқан бірнеше облыстарды аралады. 

Наурыздың аяғында мен де ең алғашқылардың қатарында суға батқан Қостанай облысының Арқалық, Аманкелді мен Жангелдин аудандарының ауылдарына барып, бар жағдайды өз көзіммен көріп қайтқан болатынмын. Бұзылған үйлер, өлген үй мен дала жануарларын, жырылған жолдар мен құлаған бағандардың көрінісі жантүршігерлік. Сумен күресіп, үйлері мен ауылдарын аман сақтап қалудың амалын жасап жүрген жергілікті халықтың жұмылып атқарған істерін де алғаш рет сол жақтан көрдім. Дегенмен  арнайы техника, құрал-саймансыз табиғи апатқа төтеп беру мүмкін емес. Кейін мұндай жағдай Қазақстанның барлық су басқан өңірлерінен де байқалды. Әдетте  жағдайы мәз емес ауылдарымыз төтенше жағдайға дайын болмай шықты.  Апат айтып келмейтіні анық. Президенттің тапсырмасына сәйкес, барлығы орнына келтіріліп, зардап шеккен еш қазақстандық үйсіз қалмайды, халықтың шығындары өтеледі. 

Бірақ биылғыдай көлемді су тасқынының қайталанбайтынына ешкім кепілдік бере алмайды. Осыған орай, құрметті Қанат Алдабергенұлы, әр өңірдің климаттық және географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, дереу барлық өңірлерде келесі іс-қимылдар қабылдау қажет деп санаймын: Үкіметтің резервегі қаражаты есебінен келесі іс-қимылдарды іске асыру керек.

Біріншіден, инфекциялық ауру тарау қаупінің алдын алу үшін өлген жануарларды дереу санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жою, ауызсудың сапасын тексеру. Екіншіден, су тасқынымен байланысты апаттардың алдын алу үшін және екінші жағынан суармалы су мен су тапшылығы бар жайылымдық жерлерде қар мен жауын-шашын суын тоқтатуға арналған су қоймаларын салуды қарастыру. Үшіншіден, республикалық және жергілікті автожолдардың су өткізгіш құбырларын тексеріп, жөндеу жұмыстарын жүргізу. Қостанай облысы бойынша қарайтын болсақ, республикалық маңызға ие 822 құбырдың 163 құбыр күйзелген және 53-і жөндеуді қажет етеді. Жергілікті маңызға ие жолдарда 1 985 құбырдың 495-іне жөндеу жұмыстарын жасау. Төртіншіден, аудандардағы төтенше жағдайлар бөлімшелерінің жеке құрамын арттыруды, олардың материалдық-техникалық қамсыздануын, оның ішінде өрт сөндіру техникасы, жүзу құралдары мен су сорғыш жабдықтармен қамтамасыз ету. Мысалы, Қостанай облысы бойынша аудандардағы қызметкерлердің орта саны 4-6 адам, ал техникамен қамтамасыз етілу 54% ғана құрайды. Бесіншіден, Шалғай аудандардың көліктік қолжетімділігін жақсарту, әлеуметтік-экономикалық дамуы және өңіраралық байланыстарды күшейту қажет.  Мысалы, Астана мен облыс орталығынан, республикалық автомобиль жолдарынан алыс орналасқан Торғай өңірінде ол мәселе шешілмеген. Су тасқынының салдарынан Жангелдин ауданының көп бөлігі су ортасында арал болып, оқшауланып қалды және бұл бірінші рет емес. Осы ретте Жангелдин ауданының орталығы Торғай ауылын «Орталық-Батыс» көлік дәлізін құру шеңберінде Ақтөбе облысының Ырғыз ауданымен автожол арқылы байланыстырған жөн. Еліміздің орталығы мен батысын арасындағы төте жол  жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы мен туризмді дамыту, халықтың ауылдан кетуін азайту сияқты мәселелерді шешуге ықпал ете алатыны анық.

Сондай-ақ Арқалықта әуежай салу мәселесін жеделдету қажет. Өйткені, оның жоқтығы шағын және орта бизнестің жаңа субъектілерін ашуға, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жұмысына инвестициялар тартуға тежеу болуда. Әуежайдың қажеттілігін су тасқыны да айқын дәлелдеп берді. Авиакеросин сақтайтын қоймалардың болмауынан басқа өңірлерден барған тікұшақтар жанармайдың жоқтығынан сын сағатта жұмыссыз тұрып қалған", – дейді депутат. 

«Көз жылқыны қазанға, адамды қабірге салады»: әнші Бағлан Әбдірайымов тіл-көз туралы ойын айтты Биыл шегірткемен күресуге 8,1 млрд теңге жұмсалады – министр «Аяғымды ұстамаңызшы»: Қайрат Нұртастың концерттегі тағы бір видеосы хит болды «Арзан үйлер көп»: Төреғалидің қарындасы Дубайға көшетін ойы барын айтты «Ол орталықтың қызметкері емес»: Әділет министрлігі мәйіттерді зорлаған күзетшіге қатысты пікір білдірді «1 күн уақыт береміз»: Жазира Байырбекова өзін қайтыс болды деп ақпарат таратқандарды сотқа бермек Белгілі әнші Саят Медеуов сотталғандар алдында өнер көрсетті Қазір мүмкін емес – Құспан Бишімбаев жазадан Назарбаевтан кешірім алғандай құтыла алмайтынын айтты «Қазақстан Ресейге бағынышты ел»: Жұлдыз Әбдікәрімова қан майданға қатысты жанайқайын айтты «Көп ақшаның дәмін таттық»: Олжас Абай Қайрат Нұртаспен араласпай кеткенін айтты Бишімбаевтан кейінгі сот процестері YouTube-та тікелей көрсетіле ме – Әділет министрлігінің жауабы «Сасып қалдым»: Ләйлә Сұлтанқызы ыңғайсыз жағдайға тап болғанын айтты (ФОТО) «Елге қайтатын уақыт келді»: шетелде оқып жатқан Айгүл Иманбаева жақсы жаңалығын жария етті (фото) Шымкентте сәбиінің өлі денесін қорапқа салып, тастап кеткен ана ұсталды Қазақстандағы телефон алаяқтығы: проблема және шешу жолдары Шавкат Рахмонов әлемнің үздік 20 файтерінің тізіміне енді Сот Бишімбаевқа үкім шығаратын алқабилерге сұрақтарды дайындап жатыр Бірнеше өңірде ескерту жарияланды: 10 мамырға арналған ауа райы болжамы Украина билігі де түрмеде жазасын өтеушілерді соғысқа жібермек Украина президенті Владимир Зеленскийді өз күзетшілері өлтірмек болды