«Ұлы Жібек жолы» турнирінде қазақстандық екі боксшы жеңіске жетті

25.03.2024, 09:35
371
«Ұлы Жібек жолы» турнирінде қазақстандық екі боксшы жеңіске жетті Sports.kz

Бокстан Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан дәстүрлі халықаралық «Ұлы Жібек жолы» турнирінің алғашқы жарыс күнінде алты қазақстандық спортшы шаршы алаңға шықты.

Алты боксшының екеуі жарысты жалғастыруға мүмкіндік алса, төртеуі қарсыластарына есе жіберді.

Алдымен Теміртас Жүсіпов (48 келі) әзербайжандық Турал Сариевті қапы қалдырса, одан кейін Сағындық Тоғамбай (92 келі) сол елдің тағы бір өкілі Фуад Джафаровты нокаутпен жеңді.

Ал ел құрамасынан Дамир Әбдіқадыр (51 келі), Серік Теміржанов (63,5 келі), Тимур Нұрсейітов (75 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) жарыс жолын ерте аяқтады.

Енді ел құрамасынан Тимур Қабешов (54 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Бақтияр Смағұлов (67 келі), Дархан Дүйсебай (71 келі), Бекзат Таңатар (86 келі) шаршы алаңға шығады.

Халықаралық турнирде 11 елден келген 121 боксшы сынға түседі. Олардың арасында Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей, Польша, Қырғызстан, Тәжікстан, Иран, Италия, Пәкістан және Венгрия боксшылары бар.

Дәстүрлі турнир бес күнге созылады.

Жамбыл облысында интернатта жоғарғы сынып оқушысы 14 жасар ұлды зорлаған «Қызметтік көлікте жыныстық қатынасқа түскен»: СҚО-да шулы видеодан соң полицей жұмыстан кетті (ВИДЕО) «Ұлан екеумізді бірге көрмейсіздер»: Балжан Бидаш футболшыға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады «Баламды соттай ма деп қорқамын»: 28 жылдан соң ұлымен қауышқан ана оқиға туралы айтты «Алматы-бақша қаласы»: танымал актриса атаулы алма ағашын отырғызды Жолаушылар вагоны жаңаларына ауыстырылды Орталық спорт клубының спортшылары Париж олимпиадасына 9 жолдама ұтып алды Салтанат Нүкенованың ағасы көпшілікті алаяқтардан сақ болуға шақырды Балағат сөздер айтқан: «Ақтөбе» жанкүйерлері жауапкершілікке тартылды Ерлан Қарин: Елтаңбаны өзгерту – Президенттің ұсынысы емес Қар мен бұршақ: Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды Абай облысында маньяк жүргені рас па? Полиция жауап берді 50 мыңнан аса қазақстандық Бишімбаевтың туыстарының мүлкін тәркілеу туралы петицияға қол қойған «Өмірдің бәрі қаланың сыртында екен ғой»: Бақыт Шадаева ауылға көшуіне не себеп болғанын айтты Қазақстан Республикасының аумағына тауық жұмыртқаларын автомобиль көлігімен әкелуге уақытша тыйым салынды «10 млн теңгеден астам ақша алған»: Семейде жолсеріктерді бопсалаған блогер сотталды «Көп жыладым»: Мөлдір Әуелбекова жан сырын ақтарды (видео) Чернобыль трагедиясының құрбандарына: Астанада ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті «Мейрамхана безендіру құны – 2 миллион теңге»: Серік Ибрагимов ұлына сүндет той жасады Медициналық қызметтер халық үшін қолжетімді болады: денсаулық сақтау министрлігі тарифтерді қайта есептеді