Павлодарда қайнысы жүкті жеңгесін аяусыз ұрған

28.03.2024, 10:36
245
Павлодарда қайнысы жүкті жеңгесін аяусыз ұрған astanatv.kz

Аталған іске қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.

Күдікті қамауға алынған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Астана телеарнасына сілтеме жасап. Сұмдық оқиғадан жүкті әйел есін жоғалтып алған.

Қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Қатты соққыдан басы жарылып, миы шайқалған. Өзін кімнің ұрып соққанын да есіне түсіре алмады. Аяғының ауыр болғанын ғана біледі.

“Иә, мен жүкті екенімді білдім. Ол менің есімде. Менің ішімде қыз болды”, – дейді жәбірленуші Гүлмерей Қарсыбаева. 

Дәрігерлер науқастың ауруханаға ауыр жағдайда келгенін айтады. Бір уақытта екі бірдей ота жасаған. Ал іштегі 9 айлық баланы кесір тілігі арқылы алған. Бірақ нәресте өлі туылды.

“Науқастың басындағы жарықтың көлемі 8-9 сантиметрдей болды. Біз оның зақымданған бөлігін алып, орнын тіктік. Бас ми жарақаты кезінде есін жоғалту қалыпты құбылыс. Уақыт өте келе біртіндеп қалыпқа келеді”, – деді Павлодар қалалық №1 аурухананың дәрігері Дәурен Сафиулла. 

Ал жеңгесін соққыға жыққан жас жігітке қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Оның қылмыс жасаған кезде есірткі қолданғаны анықталды.

“Полиция кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеу бастады. Аса ауыр қылмыс жасаудағы күдікті қамауға алынды. Жігіт есірткіге мас күйінде үлкен ағасының жұбайына дене жарақатын салған. Жарақат алған әйел ауруханаға жатқызылды”, – деді қалалық полиция басқармасының оңтүстік полиция бөлімі бастығының орынбасары Әлібек Салатов. 

Абай облысында маньяк жүргені рас па? Полиция жауап берді 50 мыңнан аса қазақстандық Бишімбаевтың туыстарының мүлкін тәркілеу туралы петицияға қол қойған «Өмірдің бәрі қаланың сыртында екен ғой»: Бақыт Шадаева ауылға көшуіне не себеп болғанын айтты Қазақстан Республикасының аумағына тауық жұмыртқаларын автомобиль көлігімен әкелуге уақытша тыйым салынды «10 млн теңгеден астам ақша алған»: Семейде жолсеріктерді бопсалаған блогер сотталды «Көп жыладым»: Мөлдір Әуелбекова жан сырын ақтарды (видео) Чернобыль трагедиясының құрбандарына: Астанада ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті «Мейрамхана безендіру құны – 2 миллион теңге»: Серік Ибрагимов ұлына сүндет той жасады Медициналық қызметтер халық үшін қолжетімді болады: денсаулық сақтау министрлігі тарифтерді қайта есептеді «Ұнамсыз әрекетінен кейін жұмысты тоқтаттым»: Айсәуле Бақытбек қыз зорлағаны үшін сотталған фотографқа қатысты пікір білдірді «Арабқа күйеуге шығып кетпеңдер»: Құралай Нұрқаділованың анасымен әзілдескені жұртты сүйсінтті «Ілияс әлемі» атты оқу-танымдық сайты ашылды «Сізден үлгі алу керек»: актриса Әсел Асқар әкесіне бренд сыйлық тарту етті (видео) «Марапатқа ие болды»: әнші Ділназ Ахмадиева қуанышты жаңалығын бөлісті Шавкат Рахмонов келесі қарсыласы мен жекпе-жек уақытын айтты Шымкентте мопед мінген курьер қоршауға соғылып, қаза болды «Сыйлап жүргендердің өзі жамандайды»: Қоянбаев киносын сынайтындарға жауап берді Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары қабылданып жатыр Абай облысындағы Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде 3,7 млрд. теңгеге қаржылық заңсыз әрекет анықтады Жаңбыр, қар, 8 градус аяз: 27-29 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды