Шетелдіктен 90 мың доллар тәркіленді

16.04.2024, 18:59
150
Шетелдіктен 90 мың доллар тәркіленді МКК

Атырау облысында Грузия азаматынан 90 мың доллар (40 млн 507 мың 38 теңге) тәркіленді, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

Биыл ақпанда «Атырау-Кутаиси» халықаралық әуе рейсі арқылы ұшпақ болған Грузия азаматынан 100 мың доллар (45 млн 7 мың 820 теңге, 1 доллар – 450,08 теңге) анықталды. Оның қолында 10 мың доллар болған, ал жол жүгінде 90 мың доллар жасырылған.

Қомақты қаржыны Атырау облысы «Әуежай-Атырау» кеден бекетінің қызметкерлері анықтады. Бақылау облыстық шекара қызметі және экономикалық тергеп-тексеру департаменттерінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген.

Заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Күшіне енген сот шешіміне сәйкес, 90 мың доллар мемлекет пайдасына тәркіленді. Қалған 10 мың доллар Грузия азаматына қайтарылды. Сондай-ақ шетелдіктен 40 АЕК (147 мың 680 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл өндірілді, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, президенттің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 «Қазақстанның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, 10 мың доллардан (4 млн 500 мың 782 теңге) асатын қолма-қол шетел валютасын әкетуге тыйым салынған.

"Сайқымазақ Қоянбаев айтыпты": өнерпаз өкпесін айтты Электронды цифрлы қолтаңба өзгеретін болды Бектенов Атырау облысы басшылығының алдына қала мен елді мекендерді тасқын судан барынша қорғау міндетін қойды "Оның қамқорлығы – ең керемет сыйлық": Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісін көрсетті Алматыда қызды пышақпен қорқытып зорлаған бар күзетшісі сотталды Ақмола облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды Әзербайжан мен Армения Алматыда келіссөз өткізеді – СІМ Қуандық Бишімбаевтің туыс інісіне тағылған айып өзгеруі мүмкін Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды Солтүстік Қазақстанда бір үйдің екі баласы өз-өзіне қол салды «Астана-Сеул» әуе рейсі қайта жанданады Алматыда мәйітхана күзетшісі қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді Қазақстанда 2030 жылға дейін сұранысқа ие 25 мамандық қандай «Хат қалдырған»: Түркістан облысында полиция майоры өз-өзіне қол жұмсады Қазақстан тұрмыстық техниканы Қытай және Оңтүстік Кореямен бірлесіп шығарады "Алланы әбден мазақ етті": Тойда жар-жар орнына сүремен шыққан жас жұбайлар елден оңбай сөз естіді "Қуандық та Салтанатты әдейі өлтіруге себеп болған жоқ": Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы алғаш рет сұхбат берді Стенд атудан ұлттық құрама Олимпиаданың лицензиясын иеленді Қарағанды тұрғыны бұрынғы әйелін балаларының көзінше пышақтап өлтірді «Итіме кім ескерткіш қояды деп уайымдадым»: композитор Қалдыбек Құрманәлі өлім аузында жатқан сәті туралы айтты