Кәсіп бастау үшін гранттар алуға өтінім қабылдау басталады

28.03.2024, 11:52
283
Кәсіп бастау үшін гранттар алуға өтінім қабылдау басталады canva.com

Business.enbek.kz порталында 2024 жылғы 8 сәуірден бастап 1-лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінім қабылдау басталады.

Қазақстан аумағы бойынша алғашқы лекте 4 500 адамға грант беру жоспарланып отыр. 

Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты – жаңа бизнесті бастау және дамыту..

Грант көлемі 400 АЕК  (1 476 800 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өтінім беру үшін қажет:

  • порталда тіркелу;
  • грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
  • бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
  • өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады.

Грант алу үшін бірнеше шартты сақтау қажет.

Жаңа бизнес-идеяны іске асыруға грант алуға үміткер бола алады:

  • тіркелген жұмыссыздар;
  • жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін).

Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:

  • мүгедектігі бар адамдар;
  • қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;
  • өңіраралық қоныс аударушылар;
  • аз қамтылған отбасы мүшелері;
  • көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы / зайыбы);
  • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы);
  • асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.

Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.

Рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, адами факторды азайту, өтініш берушілерге ыңғайлы болу үшін гранттар берудің бүкіл процесі электронды форматқа ауыстырылды. Грант алуға өтінімдерді қабылдау бірыңғай терезе – Business.enbek.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.

Грантты: қажетті құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, малдарды, жануарларды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге алуға болады.

Гранттар: тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.

Гранттарды Еңбек мобильділігі орталықтары грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық/қалалық комиссияның шешімі негізінде береді.

Үміткерлер өз бизнес-жобасын комиссия отырыстарында таныстырады. Бұл ретте комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды және бағалау парағын мынадай өлшемшарттар бойынша толтырады: бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, өткізу нарықтарының пысықталуы, бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі, кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі, жаңа жұмыс орындарын құру.

Осылайша, грант беру туралы шешім комиссиялық түрде және үміткерлердің бизнес-жобаларының пысықталуын бағалаудың нақты өлшемшарттары негізінде қабылданады.

Комиссия шешімі үміткердің Порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі. Комиссияның оң шешімі болған жағдайда үміткер банк деректемелерін ұсынады, шартқа қол қояды және одан әрі тоқсан сайын қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп береді. Мұның бәрі Еңбек мобильділігі орталықтары мен оның филиалдарына (мансап орталықтарына) бармай-ақ, электронды форматта жасалады.

Ұйғыр ауданында ұлтараздықты тудырған зейнеткерге сот үкім шығарды Тәуекел Мүсілім әкесінің туған жерінде ас берді Жамбыл облысында интернатта жоғарғы сынып оқушысы 14 жасар ұлды зорлаған «Қызметтік көлікте жыныстық қатынасқа түскен»: СҚО-да шулы видеодан соң полицей жұмыстан кетті (ВИДЕО) «Ұлан екеумізді бірге көрмейсіздер»: Балжан Бидаш футболшыға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады «Баламды соттай ма деп қорқамын»: 28 жылдан соң ұлымен қауышқан ана оқиға туралы айтты «Алматы-бақша қаласы»: танымал актриса атаулы алма ағашын отырғызды Жолаушылар вагоны жаңаларына ауыстырылды Орталық спорт клубының спортшылары Париж олимпиадасына 9 жолдама ұтып алды Салтанат Нүкенованың ағасы көпшілікті алаяқтардан сақ болуға шақырды Балағат сөздер айтқан: «Ақтөбе» жанкүйерлері жауапкершілікке тартылды Ерлан Қарин: Елтаңбаны өзгерту – Президенттің ұсынысы емес Қар мен бұршақ: Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды Абай облысында маньяк жүргені рас па? Полиция жауап берді 50 мыңнан аса қазақстандық Бишімбаевтың туыстарының мүлкін тәркілеу туралы петицияға қол қойған «Өмірдің бәрі қаланың сыртында екен ғой»: Бақыт Шадаева ауылға көшуіне не себеп болғанын айтты Қазақстан Республикасының аумағына тауық жұмыртқаларын автомобиль көлігімен әкелуге уақытша тыйым салынды «10 млн теңгеден астам ақша алған»: Семейде жолсеріктерді бопсалаған блогер сотталды «Көп жыладым»: Мөлдір Әуелбекова жан сырын ақтарды (видео) Чернобыль трагедиясының құрбандарына: Астанада ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті