«Сен көмек бердің бе?»: Дариға Бадықова су тасқынына көмек бермеді деп айыптағандарға ашуланды

16.04.2024, 12:46
1718
«Сен көмек бердің бе?»: Дариға Бадықова су тасқынына көмек бермеді деп айыптағандарға ашуланды dariga_badykova

Көпшілікке «Келінжандағы» Айсара боп танылған актриса, продюсер Дариға Бадықова өзінең «су тасқынына қандай көмек көрсеттің» деп сұраған желі қолданушыларына жауап берді.

«Қайтейін, айтпасқа болмады-ау. «Сен көмек бердің бе?» деген сөздерге жауап!!! Жалпы көмек бергенді, қайырылымдылық жасағанды, айтпайтын еді. Сіздер қоймай айтқызып жатырсыздар! Бердім! Апат болсын, басқа да жағдай болсын, пейілдің тарылғанынан, қара ниет болудан! Сол, аңдып «мынау аз-ақ беріпті, мынау бермепті» деп отырғандар, өздеріңіз бердіңіздер ме? «Бізде жоқ қой» деп тағы жоқтап шығасыздар! Садақаның құны жоқ қой, қанша берсең де қолыңнан келгенді бересің. Сол айтып отырғандар өз туғандарына көмек беріп отыр ма екен?! Бір үйде бір бауырын көк есек қылып мініп алып өмір сүріп жатқанын міндет қылып отыр ма екен?! Біреуге бірдеңе айтпас бұрын өзіңізге қарасаңыз өзіңізден-өзіңіз шошып кетесіз!», – деп ашуланды актриса.

Сондай-ақ, өнер иесі қиын кезеңде өнер адамдарын кінәлап, ақша жинауға мәжбүрлейтін халықты да кінәлады.

«Қарапайым халық деп бөліне қаламыз. Біздің айырмашылығымыз – мамандығымызда. Сіз де өз мамандығыңыздан нәпақа тауып, күнде жұмысқа барып жүрсіз! Біздікі де сол. Қарызға үлкен сомма алып, оны екі есе қылып қайтарып, кино түсіріп, мемлекетке қомақты салығымызды төлейміз. Салық – халықтың ақшасы. Сол ақшаны бердік, анығында қайтардық. Өнер – Құдайдан келген сый. Өнер адамдарының жиналып салған ақшаларын желіге жерден жеті қоян тапқандай жарысып салып әлексіздер. Жинамаса жинамады деп қарғайсыздар, жинаса жинағандарын күлкі етіп тағы сөгесіздер! Ұят болады. Одан да ниетімізді түзейік! Бәрін Үкіметтен көріп отыра бермейік! Елдің көтерілуіне атсалысайық! Пейіл мен мәдениетіміз дұрысталса әлі көрер қызығымыз алда. Көтеретін де – халық! Қарғайтын да – халық! Жер қылатын да – халық!», – деп жазды Дариға Бадықова. 

"Сайқымазақ Қоянбаев айтыпты": өнерпаз өкпесін айтты Электронды цифрлы қолтаңба өзгеретін болды Бектенов Атырау облысы басшылығының алдына қала мен елді мекендерді тасқын судан барынша қорғау міндетін қойды "Оның қамқорлығы – ең керемет сыйлық": Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісін көрсетті Алматыда қызды пышақпен қорқытып зорлаған бар күзетшісі сотталды Ақмола облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды Әзербайжан мен Армения Алматыда келіссөз өткізеді – СІМ Қуандық Бишімбаевтің туыс інісіне тағылған айып өзгеруі мүмкін Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды Солтүстік Қазақстанда бір үйдің екі баласы өз-өзіне қол салды «Астана-Сеул» әуе рейсі қайта жанданады Алматыда мәйітхана күзетшісі қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді Қазақстанда 2030 жылға дейін сұранысқа ие 25 мамандық қандай «Хат қалдырған»: Түркістан облысында полиция майоры өз-өзіне қол жұмсады Қазақстан тұрмыстық техниканы Қытай және Оңтүстік Кореямен бірлесіп шығарады "Алланы әбден мазақ етті": Тойда жар-жар орнына сүремен шыққан жас жұбайлар елден оңбай сөз естіді "Қуандық та Салтанатты әдейі өлтіруге себеп болған жоқ": Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы алғаш рет сұхбат берді Стенд атудан ұлттық құрама Олимпиаданың лицензиясын иеленді Қарағанды тұрғыны бұрынғы әйелін балаларының көзінше пышақтап өлтірді «Итіме кім ескерткіш қояды деп уайымдадым»: композитор Қалдыбек Құрманәлі өлім аузында жатқан сәті туралы айтты